Preview

Қазақстан Республикасы Қызылорда облысының күріш шаруашылығы: қалыптасқан үрдістер мен жаңа мүмкіндіктер

https://doi.org/10.46666/2022-3.2708-9991.14

Толық мәтін:

Аннотация

Қазақстан Республикасы экономикасының стратегиялық мақсаттарының бірі – экспортқа бағдарланған саясатты қалыптастыру. Әлемдік нарықтарға ауыл шаруашылығы шикізаты мен азық-тҥлігін жеткізу аграрлық сектордың орнықты дамуының негізін қалыптастырады және саланың нақты мҥмкіндіктерін бағалауға мҥмкіндік береді. Қазіргі уақытта елдің кҥріш шаруашылығы экспорттық әлеуеттің өсуін қамтамасыз етуге мҥмкіндік бермейтін жағдайда тұр. Қызылорда облысындағы агробизнесті мемлекеттік реттеу тетігі қазіргі заманғы талаптарға сай келетін деңгейге әлі жеткен жоқ. Шаруашылықтарға субсидиялар бөлу өлшемі егіс алқабы емес, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі болуы тиіс, бұл тауар өндірушілердің экономикалық мҥдделерін көрсетеді. Мақсаты – Қазақстан Арал өңірінің кҥріш өсіру кешеніндегі қалыптасқан жағдайды талдау, өнімді өндіру және өткізу проблемаларын ашу, осы саладағы мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігіне талдау жҥргізу. Авторлар экологиялық таза өнімдерді өндіру олардың құнын төмендетуге, материалдық және еңбек шығындарын арттырмай сапаны жақсартуға мҥмкіндік беретінін айтады. Әдістері – сандық-сапалық және факторлық талдау, экономикалық-статистикалық, дерексіз-логикалық қорытындылар. Нәтижелері – кҥріш өсіру алаңдары жабдықталған материалдық-техникалық базасы, инновацияларды енгізу және экспорттық әлеуетті арттыру, кҥріш-жоңышқа ауыспалы егістерін игеретін тағам өнімдерін толық қайта өңдеу мҥмкіндіктері бар мамандандырылған агроқұрылымдарда ғана шоғыр лануы тиіс екенін ескеру қажет. Қорытындылар – жаңа технологияларды тиімді трансферттеу мақсатында кҥріш алқаптарын кеңейту, агроөнеркәсіптік өндірісті нәтижелі жҥргізу, өңірдің экспортқа арналған ресурстарын айқындау, мамандандырылған шаруа (фермер) қожалықтарында кҥріш чектерін шоғырландыру, оның құралдары мен иінтіректерінің теңгерімділігі негізінде инновациялық белсенділіктің пәрменді жҥйесі қажет. Суармалы суға сараланған тарифтерді бір мезгілде қарай отырып, қолданыстағы суару жҥйелерін кешенді реконструкциялау мен техникалық қайта жарақтандыруға басымдық берілуге тиіс.

Авторлар туралы

А. Ж. Бұхарбаева
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті
Қазақстан

Бұхарбаева Ақмарал Жетібайқызы; Ph.D докторы; аға оқытушы

120014 Әйтеке би кӛш., 29А, Қызылорда қ.



Л. Т. Алшембаева
Қазақ аграрлық-ӛнеркәсіптік кешенінің экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институты
Қазақстан

Алшембаева Лаззат Тұрсымбайқызы; экономика ғылымдарының магистрі; аға ғылыми қызметкер

050057 Сәтбаев кӛш., 30Б Алматы қ.



Г. Н. Бисембаева
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті
Қазақстан

Бисембаева Гульнур Нуралиевна; Ph.D докторанты

120014 Әйтеке би кӛш., 29А, Қызылорда қ.



Әдебиет тізімі

1. Қызылорда облысының әкімдігінің ресми интернет сайты [Электрондық ресурс].2019.URL: http://www.e-kyzylorda.gov.kz/?q=ru/content/ekonomika (қаралған күні: 24.01.2022).

2. Тлесова, А.Б. Қазақстанның аграрлық саласы: инновациялық даму / А.Б.Тлесова, С.Ч. Примбетова, Ш.М.Кантарбаева // Проблемы агрорынка.-2018.-No2.-Б.34-43.

3. Высокоморный, В.И. Экономика агропромышленного комплекса: учебное пособие / В.И. Высокоморный, З.А. Тоболич. -Минск: Республиканский институт профессионального образования, 2020. – 331 с.

4. Минаков, И.А. Экономика сельского хозяйства: учебник.-М.:ИНФРА-М, 2016.-336с.

5. Наурызбаев, А.Ж. Проблемы организации казахстанской аграрной экономики при вступлении в ВТО / А.Ж. Наурызбаев // Наука и мир.– 2015.– Т. 1.No3(19).– С. 90-94.

6. Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы департаментінің мәліметтері (20172021жж) [Электрондық ресурс].-2021.-URL:// https://www.e-kyzylorda.gov.kz/?q=kk/news/oblystyk-auyl (қаралған күні: 12.05.2022).

7. Ұлттық статистика бюросы Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі [Электрондық ресурс].2017-2021.-URL: https://www.stat.gov.kz/region/260099/statistical_information/industry/4314 (қаралған күні: 14.03.2022).

8. Bukharbayeva, A.Zh. Regional specifics and directions of the agricultural products export in terms of the economic integration / A.Zh. Bukharbayeva // Доклады НАН РК. – 2019. – No2. – P. 223-233.

9. Nauryzbayev А.Zh. Improving efficiency of the state support of rice planting – baseline for the strategy of agro industrial complex development in Kazakhstan / А.Zh. Nauryzbayev, A.Zh. Bukharbayeva // News of the academy of sciences of the Republic of Kazakhstan.– 2018. – No2. – Р.126-135.

10. Umirzakov, S.Y. Assessment of the supply chain management and problems of agricultural production development and marketing in Kazakhstan / S.Y. Umirzakov, А.Zh. Nauryzbayev, A.Zh. Bukharbayeva, D.A. Bekesheva, A.K. Oralbayeva // International Journal of Supply Chain Management. – 2019. – No3. – Р. 256-265.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Бұхарбаева А.Ж., Алшембаева Л.Т., Бисембаева Г.Н. Қазақстан Республикасы Қызылорда облысының күріш шаруашылығы: қалыптасқан үрдістер мен жаңа мүмкіндіктер. Аграрлық нарық проблемалары. 2022;(3):127-135. https://doi.org/10.46666/2022-3.2708-9991.14

For citation:


Bukharbayeva A.Zh., Alshembayeva L.T., Bissembayeva G.N. Rice growing in the Kyzylorda region of the Republic of Kazakhstan: current trends and new opportunities. Problems of AgriMarket. 2022;(3):127-135. (In Kazakh) https://doi.org/10.46666/2022-3.2708-9991.14

Қараулар: 309


ISSN 1817-728X (Print)
ISSN 2708-9991 (Online)