Preview

Ауыл шаруашылығы жерлерін экологиялық-ландшафтық негізде аумақтық аймақтарға бөлу

https://doi.org/10.46666/2022-2.2708-9991.20

Толық мәтін:

Аннотация

Мақсаты – жерге орналастыру мақсаттары үшін Қазақстанның далалық аймағында ландшафтық-экологиялық негізде агрошаруашылық құрылымдардың аумақтарын функционалдық аймақтарға бөлудің әдістемелік тәсілдерін талдау. Әдістері – монографиялық, есептеу-құрылымдық, топтастыру, графикалық модельдеу. Нәтижелері – табиғатты қорғау қызметінің өлшемшарттарын ескере отырып, ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалану және қорғау жөніндегі жобалық әзірлемелердің әдістемесін жаңартуды қажет ететін республиканың жерді пайдалануды экологияландырудың өзекті проблемалары көрсетілген. Типтік нысандар таңдалды – дала ландшафты аймағының агроқұрылымдары, оларда зерттеулер жүргізілген. Бұл аймақтың ресурстарына талдау жасалған, агроландшафттың экологиялық тұрақтылығы анықталған, оның маңызды құрамдас бөлігі эрозиялық процестер болып табылады. Осы жердің ландшафтық-экологиялық ерекшеліктерін сипаттайтын және аумақтық аймақтарға бөлу үшін негіз болып табылатын карталар: ландшафтық карта-қарапайым табиғи-аумақтық кешендерді бөліп көрсететін гипотеза, аумақтың экологиялық орнықтылығының картасы және жергілікті жерді функционалдық аудандастыру картасы әзірленген. Агрорельефті жоспарлау қағидаттары негізделген, оның ішінде ландшафттың морфологиялық құрылымдық бірліктерін экологиялық жағдайы мен әр экологиялық-ландшафтық топ үшін тиісті шараларды қолдана отырып, әр түрлі жерлерді пайдаланудың орындылығы бойынша біріктіреді. Эксперименттік жоба жасалған, онда экологиялық және ландшафтық субстанциялардағы дала аймағының аграрлық мамандандыруының шаруашылық жүргізуші субъектілері мысалында аумақтық ұйым құрылған. Агроландшафттарды аумақтық аймақтарға бөлу әдістемесі әзірленген, оның ерекшелігі Солтүстік Қазақстанның дала аймағының ландшафтық-экологиялық жағдайларына бейімделу болып табылады. Қортындылар – ауыл шаруашылығы құрылымдарының жерге орналастыру жобаларын әзірлеу үшін жер орналастырудың экологиялық тұрақты және экономикалық тиімді нысандарын жобалауды көздейтін ландшафтық негізде ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының жер алаңын қайта құру жөніндегі ұйымдастырушаруашылық шараларының ғылыми негізделген жүйесі негіз болуға тиіс.

Авторлар туралы

Ж. К. Шакенова
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
Қазақстан

Шакенова Жулдыз Каирбековна - Ph.D докторанты; «Жерге орналастыру және геодезия» кафедрасының аға окытушысы

010000 Жеңіс даңғ., 62, Нұр-Сұлтан қ



Н. Л. Озеранская
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
Қазақстан

Озеранская Наталия Львовна; экономика ғылымдарының кандидаты, доцент; «Жерге орналастыру және геодезия» кафедрасының доценті

010000 Жеңіс даңғ., 62, Нұр-Сұлтан қ



Әдебиет тізімі

1. Курманова, Г.К. Внутрихозяйственное землеустройство землепользований сельскохозяйственных субъектов [Электронный ресурс].- 2020.- URL: https://www.jprakazniiapk.kz/jour/article/view/53/424 (дата обращения: 11.01. 2021).

2. Кравченко, А.С. Зонирование природно-ресурсного потенциала территории для ее организации на принципах агроландшафтного земледелия [Электронный ресурс].– 2018.– URL: http://www.sgau.ru/files/pages/3875/1547207866_%D0%A1%D0%B0%D1% (дата обращения: 03.04.2018).

3. Абельдина, Р.К. Современный подход при внутрихозяйственном землеустройстве агроформирований / Р.К. Абельдина, Н.Л. Озеранская // Вестник науки Казахского агротехнического университета им. С. Сейфуллина.– 2018. – № 1(96). – С. 24-33.

4. Колмыков, А.В. Земельная реформа и землеустройство в Республике Беларусь / А.В Колмыков, А.Н. Авдеев // Вестник Белорусской сельскохозяйственной академии. – 2020. – №3. – С.226-232.

5. Карбозов, Т.Е. Ауылшаруашылық кәсіпорындар территориясын ландшафттық негізде ұйымдстыру реттілігі мен ерекшеліктері / Т.Е. Карбозов // С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Ғылым хабаршы. – 2018. – №1 (96).-Б. 5-9.

6. Озеранская, Н.Л. Учет агроландшафтного потенциала при обеспечении конкурентноспособности зернового производства агроформирований Акмолинской области / Н.Л Озеранская, Н.О. Московская // Проблемы агрорынка. – 2015. – №3 . - С. 90-98.

7. Ozeranskaya, N. Optimization of Land Use in The Agricultural Landscapes of Northern Kazakhstan On the Basis of the Landscape Approach / N. Ozeranskaya, T. Karbozov, A. Bekturganova, B.Zhuparkhan, V. Kononovа // Research Journal of Pharmaceutical, Biological and Chemical Sciences. - 2016. - N 7(6). – P. 1788-1797.

8. Озеранская, Н.Л. Совершенствование кадастровой оценки сельскохозяйственных земель / Н.Л. Озеранская, Б. Сулеймен // Сб. науч. трудов Тюменского сельскохозяйственного ун-та. – Тюмень: Тюменский сельскохозяйственный ун-т, 2019. - С.67-71.

9. Ozeranskaya, N. Agricultural land management in the system of sustainable rural development in the Republic of Kazakhstan / N. Ozeranskaya, A.Abeldina, G. Kurmanova // International Journal of Civil Engineering and Technology. – 2018.- Vol. 9.- Issue 13.- P. 1500-1513.

10. Жупархан, Б.Ж. Агроландшафтное зонирование для целей землеустройства [Электронный ресурс]. – 2018. – URL: http://elibrary.ru (дата обращения: 17.03.2022).

11. Шакенова, Ж.К. Опустынивание - важная экологическая проблема Республики Казахстан / Ж.К. Шакенова // Актуальные проблемы геодезии, кадастра, рационального земле- и природопользования [Электронный ресурс]. – 2020. – URL: https://www.elibrary.ru/ (дата обращения: 30.11.2020).


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Шакенова Ж.К., Озеранская Н.Л. Ауыл шаруашылығы жерлерін экологиялық-ландшафтық негізде аумақтық аймақтарға бөлу. Аграрлық нарық проблемалары. 2022;(2):187-194. https://doi.org/10.46666/2022-2.2708-9991.20

For citation:


Shakenova Zh.K., Ozeranskaya N.L. Territorial zoning of agricultural land on ecological and landscape basis. Problems of AgriMarket. 2022;(2):187-194. (In Russ.) https://doi.org/10.46666/2022-2.2708-9991.20

Қараулар: 298


ISSN 1817-728X (Print)
ISSN 2708-9991 (Online)