Қазақстандағы өсімдік шаруашылығындағы цифрлық процестер
https://doi.org/10.46666/2022-2.2708-9991.04
Аннотация
Зерттеудің өзектілігі қазіргі жағдайда агроөнеркәсіптік кешеннің тиімділігін арттырудағы өсімдік шаруашылығына сандық технологияларды енгізудің маңыздылығымен айқындалады. Мақаланың мақсаты отандық өсімдік шаруашылығы саласындағы цифрландырудың қазіргі жағдайын бағалап, негізгі мәселелерін анықтау және шешу жолдарын ұсыну болып табылады. Зерттеудің міндеттері: өсімдік шаруашылығындағы цифрландырудың бағыттарын, артықшылықтарын, сандық технологияларды енгізудегі мәселелерді және оларды шешу жолдарын анықтау. Мақалада келесідей әдістер қолданылды: фактілерді талдау, жүйелеу, жинақтау және іріктеу, олардың арасындағы байланысты орнату. Зерттеудегі алынған нәтижелер – өсімдік шаруашылығын цифрландыруда қалыптасқан келесідей мәселелер анықталды: өндірістік технологияларға шектеулі қолжетімділік; отандық ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің заманауи жабдықты сатып алу мүмкіндігінің шектеулі болуы; делдалдардың ұзақ желісі; коммуникациялар мен ІТ-инфрақұрылымның даму деңгейінің төмендігі; АӨК үшін оқшауланған ІТ-шешімдердің болмауы; кадр тапшылығы; берілген аяда қалыптасқан мәселелерді шешу үшін келесідей шаралар қабылдау қажеттілігі ұсынылды: механикаландыру мен автоматтандыру деңгейін орташа әлемдік деңгейге дейін көтеру; қазіргі заманғы деңгейдегі ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілер мен тұтынушыларды мемлекеттік қолдау; заманауи цифрлық технологияларды кеңінен енгізу және тарату; кадрларды даярлау және ынталандыру жүйесін дамыту. Ақмола облысы материалдары негізінде өсімдік шаруашылығын цифрландыру тәжірибесі зерттелді. Мақалада келесідей тұжырымдар жасалды: заманауи цифрлық технологиялардың алуан түрлерін кеңінен енгізу және тарату өсімдік шаруашылығы кәсіпорындарының еңбек өнімділігін бірнеше есе арттырып, бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатып, салада жылдар бойы қалыптасқан мәселелерді шешуге мүмкінді береді.
Авторлар туралы
Р К КонуспаевҚазақстан
Конуспаев Руслан Құрманғажыұлы - экономика ғылымдарының кандидаты; «Бизнес және қызметтер» кафедрасының қауымдастырылған профессоры
020000 Абай кӛш., 76, Кӛкшетау қ.
А. Т. Конуспаева
Қазақстан
Конуспаева Айнұр Тлеуханқызы; «Бизнес және қызметтер» кафедрасының оқытушысы
020000 Абай кӛш., 76, Кӛкшетау қ.
Т. А. Таипов
Қазақстан
Таипов Тимур Алчинович; экономика ғылымдарының кандидаты, профессор; «Қаржы» кафедрасының профессоры
050035 Жандосов кӛш., 59, Алматы қ.
Әдебиет тізімі
1. Утегулова, Б.С. Цифрлық технологиялар негізінде АӨК жаңғырту/ Б.С.Утегулова, Ж.Қ.Жарылқасын//Агарлық нарық проблемалары.- 2020.-№3.-Б.35-42.
2. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жобаны бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 732 қаулысы [Электрондық ресурс].–2021.-URL:http://https://adilet.zan.kz ( қаралған күні: 05.12.2021).
3. Кенжегалиев, Е.М. Эффективное землепользование на основе данных дистанционного зондирования земли/ Е.М. Кенжегалиев //Проблемы агрорынка.-2021.-№3.-С.180-185.
4. Уалиева, Б.Б. Использование цифровых технологий в агропромышленном комплексе Казахстана/ Б.Б.Уалиева //Sciences of Europe.-2021.-№7.-С.14-15.
5. Жумашева, С.Т. Цифровизация как основа инновационного потенциала аграрного производства Казахстана / С.Т. Жумашева, А.Муханова, Ж.Б.Смагулова //Проблемы агрорынка.-2020.-№2.-С.45-52.
6. Оборин, М.С. Трансформация сельского хозяйства в условиях цифровой экономики /М.С. Оборин // Вестник Нижегородского университета им. Н.И. Лобачевского. Серия: Социальные науки.-2021.-№1.-С.14-21.
7. Шумакова, О.В. Влияние цифровых технологий на повышение сбалансированности взаимоотношений субъектов агропродовольственного рынка/ О.В.Шумакова, О.Н.Крюкова//Вестник аграрной науки.- 2021.-№1.-С.143-151.
8. Сыздыкбаева, Н.Б. Роль агропромышленного комплекса в экономике Казахстана/ Н.Б.Сыздыкбаева //Экономика: стратегия и практика.- 2018.-№4.-С.152-159.
9. Гриднева, Е.Е. Обеспечение инновационного развития АПК Казахстана: проблемы и пути решения/ Е.Е.Гриднева, Г.Ш.Калиакпарова, Е.В.Еми// Европейский журнал экономических наук и управления.- 2020.- № 1.- С. 42-44.
10. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы №827 қаулысы [Электрондық ресурс].–2017.-URL:http://https://adilet.zan.kz (қаралған күні: 15.12.2021).
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Конуспаев Р.К., Конуспаева А.Т., Таипов Т.А. Қазақстандағы өсімдік шаруашылығындағы цифрлық процестер. Аграрлық нарық проблемалары. 2022;(2):48-55. https://doi.org/10.46666/2022-2.2708-9991.04
For citation:
Konuspayev R.K., Konuspayeva A.T., Taipov T.A. Digital processes in crop production in Kazakhstan. Problems of AgriMarket. 2022;(2):48-55. (In Kazakh) https://doi.org/10.46666/2022-2.2708-9991.04