Preview

Қазақстан Республикасының көлік-логистика жүйесін басқарудағы цифрландыру

https://doi.org/10.46666/2021-3.2708-9991.05

Толық мәтін:

Аннотация

Мақсаты – авторлар Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенінің және жалпы экономиканың қазіргі жай-күйінің өзекті аспектілерін, даму перспективаларын, сондайақ көліктік-логистикалық жүйелердің әлемдік тәжірибесін қарастырады. Көлік логистикасы ауқымын кеңейтуге бағытталған мәселелерді шешудің жоғары өзектілігі көрсетілген, бұл осы зерттеу тақырыбын таңдаудың маңыздылығын тудырады.

Әдістері – экономикалық бағалау негізінде "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың базалық қағидаттары мен шаралары ұсынылған; көлік кәсіпорындарының жұмыс істеу жобасының орындылығы мен маңыздылығы көрсетілген; Талдамалық – көлік саласындағы қалыптасқан жағдайды мониторингілеу кезінде; отандық агроөнеркәсіптік өндірістің бәсекеге қабілеттілігінің өсуіне ықпал ететін инновациялық тетіктерді пайдалану кезінде басқару процестерінің тиімділігін анықтауға мүмкіндік беретін жүйелі тәсіл.

Нәтижелері – соңғы жылдары бірыңғай ұлттық көлік жүйесін дамытуға, оның барлық элементтерін жаңғыртуға, елдің басым саласы ретінде аграрлық салаға тұрақты қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін көлік кешенінің тұрақты жұмысын арттыруға, оның әлемдік экономикалық қоғамдастыққа интеграциялануына баса назар аударылуда. Авторлар көліктік-логистикалық қызметтерді цифрландыру тренді нарықтың барлық қатысушылары үшін жаңа стандарттар қоятынын айтады. Көлік ағындарын басқарудың негізгі бағыттары жалпыланған, ал интеграцияланған цифрлық платформа ашықтықтың жоғары деңгейімен және азық-түлік жеткізу тізбегінің үздіксіз қадағалануымен сипатталады.

Қортындылар – өндірушілерден бастап соңғы тұтынушыларға дейін тауарларды жеткізудің барлық рәсімдерін жоспарлауды, мониторингілеуді және бақылауды жүзеге асырудың цифрлық ақпараттықкоммуникациялық технологияларын кеңінен пайдалану негізінде көлік-логистикалық жүйелердің жұмыс істеу нәтижелілігіне баға берілген. Аграрлық сектордағы логистикалық функцияларды жетілдіру көптеген елдердің логистикалық секторының өсуінің негізгі катализаторы болып табылады.

Авторлар туралы

К. А. Кирдасинова
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Қазақстан

Кирдасинова Касия Александровна - негізгі автор; экономика ғылымдарының кандидаты, профессор; «Менеджмент» кафедрасының профессоры.

010008 Сәтбаев көш., Нұр-Сұлтан қ.



М. Б. Толысбаева
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Қазақстан

Толысбаева Мадина Бауржановна - Ph.D докторанты Инновациялық менеджмент» мамандығы.

010008 Сәтбаев көш., Нұр-Сұлтан қ.



Әдебиет тізімі

1. Послание Президента Республики Казахстан - Лидера нации Нурсултана Назар-баева народу Казахстана «Стратегия «Казахстан-2050»: новый политический курс состоявшегося государства» [Электронный ресурс].- 2012.- URL: https://www.akorda.kz/ru (дата обращения: 15.06.2020).

2. Сборник материалов Парламентских слушаний на тему: "О ходе реализации Государственной программы "Цифровой Казахстан" в свете Послания Президента Республики Казахстан Н. Назарбаева народу Казахстана "Новые возможности развития в условиях четвертой промышленной революции". - Астана: Сенат Парламента Республики Казахстан, 2018. – 133 с.

3. Калинин, В. А. Инновации в транспортной отрасли: эффект от внедрения технологии SAW RFID / В.А. Калинин, А.С. Григорьева // Наука и транспорт. Модернизация железнодорожного транспорта. -2013. - № 2 (6). - С. 20-21.

4. Астафьева, Н.В. Выбор канала распределения готовой продукции как важнейший аспект распределительной логистики. Логистика, инновации, менеджмент в современной бизнес-среде / Н.В. Астафьева, Е.А. Пузанова.- Саратов: Издательский дом Волга, 2010.-Т. 2. - С. 6-10.

5. Можарова, В.В. Транспорт в Казахстане: современная ситуация, проблемы и перспективы развития / В.В. Можарова. - Алматы: КИСИ при Президенте Республики казахстан, 2011. – 216 с.

6. Ерниязова, Ж.Н. Предпосылки формирования кластера транспортной логистики в Республике Казахстан / Ж.Н. Ерниязова, Г.Е. Талапбаева, Н.Б. Култанова // Международный журнал прикладных и фундаментальных исследований. - 2014. - № 5-1. - С. 132-135.

7. Развитие инноваций и прогрессивных технологических укладов в экономике Казахстана в условиях индустриальной модернизации: институты, механизмы и приоритеты / под ред. Ф. Днишев, Ф. Альжанова. - Вена, Австрия: Ассоциация перспективных исследований и высшего образования «Восток-Запад», 2015.- 532 с.

8. Курманова, Г.К. Развитие регионального сельского хозяйства Республики Казахстан / Г.К. Курманова, Б.Б. Суханбердина, Б.А. Уразова // Проблемы агрорынка. - 2020. - №3. - С. 43-50.

9. Методические основы н практика оценки потенциала инновационного развития регионов Казахстана / под ред. Н.К. Нурлановой. - Алматы: Институт экономики КН МОН РК, 2014. - 108 с.

10. Продовольственный пояс Астаны: результаты, планы и поручения. Капитал [Электронный ресурс].- 2018.- URL: https://kapital.kz/economic/73480/prodovolstvennyy-poyas-astany-rezul-taty-plany-i-porucheniya.html (дата обращения: 01.07.2020).


Қосымша файлдар

Рецензия

Дәйектеу үшін:


Кирдасинова К.А., Толысбаева М.Б. Қазақстан Республикасының көлік-логистика жүйесін басқарудағы цифрландыру. Аграрлық нарық проблемалары. 2021;(3):51-57. https://doi.org/10.46666/2021-3.2708-9991.05

For citation:


Kirdasinova К.А., Tolysbayeva М.B. Digitalization in management of transport and logistics system of the Republic of Kazakhstan. Problems of AgriMarket. 2021;(3):51-57. https://doi.org/10.46666/2021-3.2708-9991.05

Қараулар: 930


ISSN 1817-728X (Print)
ISSN 2708-9991 (Online)