Preview

Өндірісті жаңғырту - АӨК проблемаларын шешудің тиімді тетігі

https://doi.org/10.46666/2021-2.2708-9991.04

Толық мәтін:

Аннотация

Технологиялық инновацияларды игерудің, отандық азық-түліктің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың материалдық негізі техникалық әлеует болып табылады. Зерттеу мақсаты – Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін ауыл шаруашылығы техникасымен қамтамасыз етудің қазіргі жай-күйін зерделеу, ауыл шаруашылығы машинасын жасаудың негізгі проблемалары мен перспективаларын анықтау. Экономикалық-статистикалық әдісті қолдану негізінде республикада 2013-2020 жылдары ауыл шаруашылығы техникасының негізгі түрлерінің болуына талдау жүргізілді. Статистикалық деректерді қарау ауыл шаруашылығы өндірісін техникалық жарақтандыру оның тиімді дамуын айқындайтын факторлардың бірі болып табылатынын куәландырады. Нәтижесінде – ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің техникалық базасын қалыптастыру бойынша жақын және алыс шетелдердің тәжірибесі ұсынылған және ел экономикасының тұрақты дамуындағы аграрлық сектордың рөлі негізделген. ҚР АӨК дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын ескере отырып, ауыл шаруашылығы машиналарының негізгі түрлерін шығару серпіні көрсетілген. Ауыл шаруашылығы саласын материалдық-техникалық қамтамасыз етудің түйінді проблемалық мәселелері: техниканың тозуы, пайдаланудың нормативтік мерзімінен асып кетуі, техникалық жарақтандырудың әлсіздігі, ауыл шаруашылығы жабдықтарының қымбаттығы көрсетілген. Әр түрлі ауылшаруашылық технологияларын шығаратын отандық кәсіпорындар туралы мәліметтер келтірілген. Қорытындысы – талдау негізінде авторлар ауыл шаруашылығы машиналарының отандық өндірісі көлемінің  жеткіліксіздігіне  байланысты  олардың  негізгі  саны  мен  түрлері  Ресей,

Беларусь, Украина және алыс шетел мемлекеттерінен жеткізілетінін атап өткен. Ауыл шаруашылығына арналған техниканы жеткізушілер туралы машиналардың атауы мен маркасы көрсетілген ақпарат берілген. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде АӨК техникалық құралдарын жаңарту үшін ауыл шаруашылығы машинасын жасауды дамыту қажеттілігі негізделген. Осы мақсатта Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік өндірісінің техникалық жарақтандырылуын арттыруға мүмкіндік беретін іс-шаралар кешені әзірленген.

Авторлар туралы

М. Еренхан
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті
Қазақстан

Еренхан Манчук – Ph.D докторанты

071400 Толе би көш., 286/3, Semey қ.



И. П. Богомолова
Воронеж мемлекеттік инженерлік технологиялар университеті
Қазақстан

Богомолова Ирина Петровна; экономика ғылымдарының докторы, профессор; "Басқару, өндірісті ұйымдастыру және салалық экономика (БӨҰ және СЭ)» кафедрасының меңгерушісі

394036 Революция дангылы, 19, Воронеж қ.



М. К. Тулеубаева
Шет тілдер және іскерлік карьера университеті
Қазақстан

Тулеубаева Мейрамкуль Каленовна; экономика ғылымдарының кандидаты; аға оқытушысы «Экономика және туризм» кафедрасы

050026 Қазыбек би көш., 168, Алматы қ.



Әдебиет тізімі

1. Чарочкина, Е.Ю. Диверсификация производства как эффективный метод повышения конкурентоспособности молочно-продуктового подкомплекса / Е.Ю. Чарочкина, Е.И. Стародубцев, Л.В. Бабичева // Вестник Курской Государственной сельскохозяйственной Академии.-2015.-№7.С.43-46.

2. Гребенькова, О.А. Диверсификация в агропромышленных формированиях: дис…канд. экон.наук. –М., 2007. 157с.

3. Красников, В.Я. Диверсификация агропромышленного производства как фактор повышения эффективности и конкурентоспособности предприятия: на материалах агропромышленных предприятий Курской области: дис ...канд. экон. наук.Курск, 2001.-168с.

4. Иманбаев, Б.Б. Диверсификация экономики Казахстана и формирование глобальных трендов его дальнейшего развития / Б.Б. Иманбаев //Вестник РГГУ. Сер. Экономика. Управление. Право.-2019№2.С.68 -80

5. Мизанбекова, С.К. Перспективы использования цифровых и инновационных технологий в управлении конкурентоспособностью предприятий / С.К. Мизанбекова, И.П. Богомолова, Н.М. Шатохина // Техника и технология пищевых производств. 2020.- №2.С. 372383

6. Kalykova, B. Rural territories of Kazakhstan: realities, problems and solutions / B. Kalykova //Problems of AgriMarket. -2020.-№3. С.209-215. https://doi.org/10.46666/2020.2708-9991.26

7. Мелешенко, Н.Н. Диверсификация хозяйств пригородной зоны Астаны как фактор повышения конкурентоспособности экономики сельских территорий / Н.Н. Мелешенко, А.С. Исмаилова // Вестник КарГУ 2010. - №3(59)С.98 – 106.

8. Кусаинов, К.К. Пути решения проблемы экспорта биоэтанола / К.К. Кусаинов // Вестник Института законодательства Республики Казахстан 2009. № 2(14)С.74-77.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Еренхан М., Богомолова И.П., Тулеубаева М.К. Өндірісті жаңғырту - АӨК проблемаларын шешудің тиімді тетігі. Аграрлық нарық проблемалары. 2021;(2):38-45. https://doi.org/10.46666/2021-2.2708-9991.04

For citation:


Yerenkhan M., Bogomolova I.P., Tuleubayeva M.K. Modernization of production is an effective mechanism for solving problems of agro-industrial complex. Problems of AgriMarket. 2021;(2):38-45. https://doi.org/10.46666/2021-2.2708-9991.04

Қараулар: 291


ISSN 1817-728X (Print)
ISSN 2708-9991 (Online)