Preview

Қазақстан ауыл шаруашылығының техникалық жарақтандырылуы оның бәсекеге қабілеттілігінің өсу факторы ретінде

https://doi.org/10.46666/2021-2.2708-9991.01

Толық мәтін:

Аннотация

Технологиялық инновацияларды игерудің, отандық азық-түліктің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың материалдық негізі техникалық әлеует болып табылады. Зерттеу мақсаты – Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін ауыл шаруашылығы техникасымен қамтамасыз етудің қазіргі жай-күйін зерделеу, ауыл шаруашылығы машинасын жасаудың негізгі проблемалары мен перспективаларын анықтау. Экономикалық-статистикалық әдісті қолдану негізінде республикада 2013-2020 жылдары ауыл шаруашылығы техникасының негізгі түрлерінің болуына талдау жүргізілді. Статистикалық деректерді қарау ауыл шаруашылығы өндірісін техникалық жарақтандыру оның тиімді дамуын айқындайтын факторлардың бірі болып табылатынын куәландырады. Нәтижесінде – ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің техникалық базасын қалыптастыру бойынша жақын және алыс шетелдердің тәжірибесі ұсынылған және ел экономикасының тұрақты дамуындағы аграрлық сектордың рөлі негізделген. ҚР АӨК дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын ескере отырып, ауыл шаруашылығы машиналарының негізгі түрлерін шығару серпіні көрсетілген. Ауыл шаруашылығы саласын материалдық-техникалық қамтамасыз етудің түйінді проблемалық мәселелері: техниканың тозуы, пайдаланудың нормативтік мерзімінен асып кетуі, техникалық жарақтандырудың әлсіздігі, ауыл шаруашылығы жабдықтарының қымбаттығы көрсетілген. Әр түрлі ауылшаруашылық технологияларын шығаратын отандық кәсіпорындар туралы мәліметтер келтірілген. Қорытындысы – талдау негізінде авторлар ауыл шаруашылығы машиналарының отандық өндірісі көлемінің  жеткіліксіздігіне  байланысты  олардың  негізгі  саны  мен  түрлері  Ресей,

Беларусь, Украина және алыс шетел мемлекеттерінен жеткізілетінін атап өткен. Ауыл шаруашылығына арналған техниканы жеткізушілер туралы машиналардың атауы мен маркасы көрсетілген ақпарат берілген. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде АӨК техникалық құралдарын жаңарту үшін ауыл шаруашылығы машинасын жасауды дамыту қажеттілігі негізделген. Осы мақсатта Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік өндірісінің техникалық жарақтандырылуын арттыруға мүмкіндік беретін іс-шаралар кешені әзірленген.

Авторлар туралы

А. Б. Молдашев
Қазақ аграрлық-өнеркәсіптік кешенінің экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институты
Қазақстан

Молдашев Алтынбек Бакирович –экономика ғылымдарының докторы, профессор; бас ғылыми қызметкер

050057 Сатпаев көш., 30б, Алматы қ.



М. К. Камысбаев
Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті
Қазақстан

Камысбаев Марат; экономика ғылымдарының докторы, профессор; «Экономика және бизнес» кафедрасының профессоры

050040 Манаса көш., 34/1, Алматы қ.



Әдебиет тізімі

1. Молдашев, А.Б., Никитина, Г.А. Проблемы устойчивого функционирования продовольственной системы Республики Казахстан / А.Б. Молдашев, Г.А. Никитина // Проблемы агрорынка. -2019.- №2. – С.11-19.

2. Статистический сборник «Сельское, лесное и рыбное хозяйство в Республике Казахстан». Комитет по статистике МНЭ РК [Электронный ресурс]. – 2021. – URL: http: //www. stat.gov.kz/ (дата обращения: 19.03.2021).

3. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. – Астана, 2017.- 94 б.

4. Анализ производства (локализации) сельскохозяйственной техники в Евразийском экономическом союзе по видам производства. – Москва, 2017.- 22 с.

5. Омаров, С. Государственная поддержка АПК станет стабильной и адекватной / С. Омаров // Аграрий Казахстана. -10 марта 2021.-№5 (115). – С. 4-5.

6. «В Казахстане лишь каждый десятый трактор отечественного производства» [Электронный ресурс]. – 2021. – URL: http://agrosektor.kz/agriculture-news/v-kazahstane-lish-kazhdyj-desyatyj-traktor-otechestvennogo-proizvodstva.html?searched/ (дата обращения: 12.02.2021).

7. Официальный сайт ТОО «ДонМар» [Электронный ресурс]. – 2021. – URL: https://www.donmar.kz/ (дата обращения: 10.03.2021).

8. Рынок сельхозтехники: самая доступная и дорогая техника [Электронный ресурс]. – 2021. – URL: https://akab.kz/rynok-selhoztehniki-v-rk-samaya-dostupnaya-i-dorogaya-tehnika/ (дата обращения: 20.03.2021).

9. Ибришев, Н.Н. Ресурсы как основа эффективного функционирования аграрной отрасли / Н.Н. Ибришев // Проблемы агрорынка. -2019.- №1. – С.40-48.

10. Кешуов С.А. Современное состояние и перспективы сельскохозяйственного машиностроения Республики Казахстан // Научные труды Международной научно-технической конференции «Сельскохозяйственная техника» // - Алматы, 2015. – С.12-15.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Молдашев А.Б., Камысбаев М.К. Қазақстан ауыл шаруашылығының техникалық жарақтандырылуы оның бәсекеге қабілеттілігінің өсу факторы ретінде. Аграрлық нарық проблемалары. 2021;(2):13-20. https://doi.org/10.46666/2021-2.2708-9991.01

For citation:


Moldashev A.B., Kamysbayev M.K. Technical equipment of agriculture in Kazakhstan as a factor of increasing its competitiveness. Problems of AgriMarket. 2021;(2):13-20. (In Kazakh) https://doi.org/10.46666/2021-2.2708-9991.01

Қараулар: 947


ISSN 1817-728X (Print)
ISSN 2708-9991 (Online)