Preview

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ЕТ КЛАСТЕРІН ДАМЫТУ

https://doi.org/10.46666/2020.2708-9991.24

Толық мәтін:

Аннотация

Зерттеудің мақсаты - салалық кластерлерді, олардың перспективалы бағыттарын бірыңғай интеграцияланған өндірістік-экономикалық жүйе ретінде жұмыс істейтін Агроөнеркәсіптік кешеннің бастапқы буынын құру және дамыту қажеттілігін негіздеу. Мақала осы өзекті мәселені шешуге арналған. Авторлар республикада қайта өңдеу кәсіпорындары қуатының жетіспеушілігі сезіліп отырғанын, ал жұмыс істеп тұрғандары жүктелмеген күйінде қалып отырғанын атап көрсетеді. Негізгі тоқ етері тиімді тағам кластерлері болып табылады - бұл ірі қайта өңдеу құрылымдары болады. "Мерке Ет" ЖШС Меркі комбинаты базасында ет кластерін ұйымдастыру және тиімді жұмыс істеу шарттары, факторлары, критерийлері қаралды. Қайта өңдеу кәсіпорындарында, зерттеушілердің пікірінше, жаңа, қалдықсыз технологияларды игеру және енгізу қажет және олар интеграциялық процестің әр қатысушысының үлесіне пропорционалды түрде түпкілікті өнімді сатудан түсетін кірісті бөлу қағидатын сақтау негізінде интеграцияланған құрылымдарды құрудың бастауы болуы керек. Агроқұрылымдар қайта өңдеу кәсіпорындарының қуаттылықтарын толықтай пайдалануға қол жеткізуге мүдделі болады, өйткені бұл жағдайда олардың дайын өнімді сатудан бөлінетін пайдадағы максималды үлесі қамтамасыз етіледі. Авторлар аралас салалар кәсіпорындарының интеграциясын белсенді мемлекеттік қолдау арқылы жеделдетуге болады деп мәлімдейді. Ауыл шаруашылығын дамыту агроөнеркәсіптік кешенге кіретін шектес салалармен тығыз байланыста қаралады. Оның экономикалық дамыған елдердегі қарқындату тәжірибесін жалпылау оның құрамындағы салалардың тепе-теңдігін, ауылшаруашылық өнімдерін өндіруден бастап түпкілікті өнімді алуға дейінгі бірыңғай технологиялық циклдің барлық кезеңдерінде қалдықсыз өндірістің жаңа технологияларын игеруді қамтитын инновациялық саясат аясында өткенін көрсетеді.

Авторлар туралы

Г. . Мадиев
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
Қазақстан


А. Б. Бекбосынова
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
Қазақстан


Әдебиет тізімі

1. Bekbossynova, A.B. Development Of Horizontal Type Cooperation / A.B. Bekbossynova// Problems of AgriMarket.-2017.-№ 4.- P.190-195.

2. Мадиев, Г.Р. Макроэкономические механизмы и инструменты регулирования индустриально-инновационного развития АПК РК: монография / Г.Р. Мадиев, У.К. Керимова, А.Т. Есполов. - Алматы: Ғылым ордасы», 2017. - 573 с.

3. Красноярцев, Г.В. Методология формирования кластеров по птицеводству / Г.В. Красноярцев // Птицеводство.- 2016.- №2.- С.11-15.

4. Паршуков, Д. Кластерный подход при формировании кадрового потенциала АПК: методологический аспект / Д. Паршуков, Д. Ходос, Н. Пыжикова, Е. Власова // Международный сельскохозяйственный журнал.- 2016.- №9.- С.17-20.

5. Хухрин, А.С. Агропромышленные кластеры России: контуры будущего / А.С. Хухрин, О.И. Бундина, И.Ю. Агнаева // Экономика сельскохозяйственных и перерабатывающих предприятий.- 2016.- №12.- С.11-24.

6. Нестеренко, Л.Н. Социально-экономические особенности формирования кластеров и реализации мега-проектов в аграрном секторе экономики /Л.Н. Нестеренко // Экономика сельскохозяйственных и перерабатывающих предприятий.- 2017.- №2.- С. 33-37.

7. Голощапова, Л.В. Межхозяйственная интеграция в производстве, переработке и реализации мясной продукции: организациионные инновации и их развитие / Л.В. Голощапова // Хранения и переработка сельхозсырья.- 2017.- №4.- С. 60-63.

8. Кустова, С. Перспективы создания агропродуктового кластера в регионе / С. Кустова // АПК: Экономика, управление.- 2017.- №8.- С.15-20.

9. Мадиев, Г.Р. Направления специализации в сельском хозяйстве Жамбылской области / Г.Р.Мадиев, А.Б. Бекбосынова //Проблемы агрорынка. Алматы.- 2019.- № 4.- С. 76-85.

10. Сельское, лесное и рыбное хозяйство Жамбылской области: статистический сборник.- Тараз, 2019.- 297 с.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Мадиев Г., Бекбосынова А.Б. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ЕТ КЛАСТЕРІН ДАМЫТУ. Аграрлық нарық проблемалары. 2020;(3):193-201. https://doi.org/10.46666/2020.2708-9991.24

For citation:


Madiev G., Bekbossynova A. DEVELOPMENT OF MEAT CLUSTER IN ZHAMBYL REGION OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN. Problems of AgriMarket. 2020;(3):193-201. (In Russ.) https://doi.org/10.46666/2020.2708-9991.24

Қараулар: 459


ISSN 1817-728X (Print)
ISSN 2708-9991 (Online)