Preview

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АГРОӨНЕРКӘСІПТІК ӨНДІРІСІН МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ

https://doi.org/10.46666/2020.2708-9991.06

Толық мәтін:

Аннотация

Авторлар АӨК саласындағы экономикалық саясатты талдай отырып, Қазақстан Республикасының аграрлық секторын мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттары мен басымдықтарын зерделеген. Саланың қазіргі жағдайы мен даму үрдістеріне талдау жүргізілген. Агроөнеркәсіп өндірісінің проблемалары белгіленген. Қазақстанның аграрлық саясатын іске асыру шаралары қаралған. Пісіп-жетілген мәселелерді шешу перспективалары республиканың аграрлық саласы үшін іске асырылып жатқан орта және ұзақ мерзімді Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде көрсетілген. Ұлттық экономиканың маңызды секторы ретінде Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың негізгі қағидаттары қаралған. АӨК субъектілерін мемлекеттік жеңілдікпен субсидиялауға және кредиттеуге ерекше назар аударылатын агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдаудың әдістері мен нысандары талданған. Агроқұрылымдарда, аграрлық еңбек нарығында жұмыспен қамту саясатының кейбір аспектілері қозғалған. Зерттеу нәтижелері бойынша азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, инновациялық даму негізінде ішкі және сыртқы нарықтарда отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, кәсіпкерлік жүйесін кеңейту үшін қолайлы орта құру, саланың инвестициялық тартымдылығын арттыру, тауар өндірушілердің қаржылық тұрақтылығы үшін елдің аграрлық секторын мемлекеттік реттеудің маңыздылығы туралы тұжырымдар жасалған.

Авторлар туралы

Н. Т. Байкадамов
Академик З. Алдамжар атындағы Қостанай əлеуметтік-техникалық университеті
Қазақстан


Б. А. Жакупова
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Қазақстан


С. Ж. Кельбетова
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Қазақстан


Әдебиет тізімі

1. «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қарашадағы №767 қаулысы [Электрондық ресурс] // Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі. - 2020. - URL: http://www.adilet.zan.kz/kaz/docs/P1800000767 (қаралғаң күні: 25.07.2020 ж.).

2. Джусибалиева, А.К. Аgrarian sector of Kazakhstan in the system of national economy // А.К. Джусибалиева, Х.Н. Мурсалова // Problems of AgriMarket. - 2017.- №2.- P.50-58.

3. Джусибалиева, А.К. Аграрная политика: оқу құралы / А.К. Джусибалиева. - Астана: С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ, 2016. - 157 б.

4. Муравьева, М.В. Аграрлық саясат: оқу құралы / М.В. Муравьева. - Саратов: ООО «Центр социальных агроинноваций СГАУ», 2017. - 85 б.

5. «5 жыл ішінде агроөнеркәсіп субсидиялары триллион теңгеден асты - ҚР АШМ» [Электрондық ресурс] // Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсы. - 2020. - URL: http:// www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/ details/za-5-let-subsidirovanie-agroproma-prevysilo-trillion-tenge-msh-rk?lang=ru (қаралғаң күні: 25.07.2020).

6. «2020 жылғы 4 айдағы АӨК қорытындысы: қуаттылығын арттыру, дақылдар алқабын ұлғайту және цифрландыру» [Электрондық ресурс// Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы.- 2020.- URL: http://www.primeminister.kz/kz/ news/reviews/2020-zhylgy-4-aydagy-aok-korytyndysy-kuattylygyn-arttyru-dakyldar-alkabyn-ulgaytu-zhane-cifrlandyru-355029 (қаралғаң күні: 24.07.2020).

7. Долгов, В.С. Экономика сельского хозяйства: учебник для вузов / В.С. Долгов. - Санкт-Петербург: Лань, 2019. - 124 с.

8. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы // Егемен Қазақстан.- 2017.- №7(28988), 12 қантар.

9. Джусибалиева, А.К. Механизмы государственной поддержки аграрного сектора в Казахстане // А.К.Джусибалиева, Б.Муталипкызы, С.Т.Окутаева // Экономика и статистика. - 2017. - №1. - С. 67-77.

10. Симагин, Ю.А. Территориальная организация населения и хозяйства: учебное пособие / Ю.А. Симагин. - М.: Инфра-М, 2018. - С.72-74.

11. «Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының 2021-2025 жылдарға арналған болжамы» // Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы. - [Электрондық ресурс]. - 2020. - URL:http://www.gov.kz/memleket/ enti-ties/ economy/ documents/details/38445? lang= ru (қаралғаң күні: 27.07.2020).

12. Джусибалиева, А.К. Food industry of Kazakhstan in the EAEU // А.К. Джусибалиева, Г.И. Ахметова, Ж. Атаниязов // Problems of AgriMarket. - 2019. - №4. -P. 134-141.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Байкадамов Н.Т., Жакупова Б.А., Кельбетова С.Ж. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АГРОӨНЕРКӘСІПТІК ӨНДІРІСІН МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ. Аграрлық нарық проблемалары. 2020;(3):51-59. https://doi.org/10.46666/2020.2708-9991.06

For citation:


Baikadamov N.T., Zhakupova B.A., Kelbetova S.Zh. MEASURES OF PUBLIC SUPPORT FOR AGRO-INDUSTRIAL PRODUCTION OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN. Problems of AgriMarket. 2020;(3):51-59. (In Russ.) https://doi.org/10.46666/2020.2708-9991.06

Қараулар: 640


ISSN 1817-728X (Print)
ISSN 2708-9991 (Online)