Агроөнеркәсіптік өндіріс субъектілерін ғылыми-ақпараттық сүйемелдеудің мал шаруашылығы саласының нәтижелілігіне әсері
https://doi.org/10.46666/2021-1.2708-9991.09
Аннотация
Қазақстандағы мал шаруашылығы саласының жағдайы қаралып, оны дамыту проблемалары атап өтілді. Карантиндік шектеулерге байланысты іскерлік белсенділіктің төмендеуі жағдайында елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мал шаруашылығы өнімдерін өндірудің маңызы өзектендірілді. Мемлекеттің "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін өтеусіз негізде ақпараттық қамтамасыз ету" бағдарламасын іске асыруы негізінде экономикалық көрсеткіштердің өсуі үшін инвестициялық салымдардың рөлі талданды. 2020 жылы оны жүзеге асыру бойынша өткізілген іс-шаралар көрсетілген. Авторлар ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін мал шаруашылығы бойынша заманауи ғылыми зерттеулердің нәтижелері мен инновациялық технологиялармен мемлекеттік ауқымда қамтамасыз ету қажеттілігіне баса назар аударады. Азықтандыру, табын құрылымын жақсарту, асылдандыру, күтім және ветеринарлық қызмет көрсетудегі жаңалықтарды пайдалану кезінде мал шаруашылығы саласының тауарлық өнімдері құнының күтілетін өсімінің болжамды есептері ұсынылған. Малдардың нақты өнімділігінің олардың нормативтік тұқым көрсеткіштерінен ауытқуын талдау негізінде тауарлық өнімнің жетіспеушілігі, ең алдымен, малдарды ұстаудың төмен деңгейімен байланысты, атап айтқанда: азық мөлшері, ұрықтандыру, аурудың алдын-алу, емдеу, мал құрылымын қалыптастырудың заманауи әдістерінің болмауы, асылдандыру жұмыстары. Авторлар мал шаруашылығындағы менеджмент жүйесінің жетілмегендігінің себептерінің бірін - бұл фермерлердің зоотехникалық және ветеринарлық міндеттерді шешудің жаңа технологиялары мен тәсілдері туралы жеткіліксіз хабардар болуын көрсетеді. Ғалымдар мен мамандардың озық өндірістік тәжірибе туралы ақпаратты тиімді меңгеруі жаңа отандық және шетелдік озық әдістемелер негізінде ауыл шаруашылығы өндірісін технологиялық жаңғырту жөнінде негізделген шешімдер қабылдаудың негізі болып табылады деген қорытынды жасалған.
Авторлар туралы
Ж. К. АлтайбаеваҚазақстан
Алтайбаева Жанат Калелқызы; экономика ғылымдарының кандидаты; «Қаржы және есеп» кафедрасының қауымдастырылған профессоры
Павлодар қ., 140008 Ломов көшесі 64
В. П. Шеломенцева
Қазақстан
Шеломенцева Валентина Павловна, әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор; «Бизнес және басқару» кафедрасының профессоры
Павлодар қ., 140008 М. Горький көшесі 102/4
Д. З. Айгужинова
Қазақстан
Айгужинова Динара; экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор; «Қаржы және есеп» кафедрасының профессоры
Павлодар қ., 140008 Ломов көшесі 64
Әдебиет тізімі
1. Қазақстан Республикасындағы ауыл, орман және балық шаруашылығы 2015-2019 жж.: статистикалық жинақ.- Нұр-Сұлтан: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті, 2020. – 220 б.
2. Amid Threat of Catastrophic Global Famine, COVID-19 Response Must Prioritize Food Security, Humanitarian Needs, Experts Tell General Assembly General Assembly plenary thirty-first special session [Electronic resource]-2020.- URL: https://www.un.org/press/en/2020/ga12294.doc.htm (date of access: 27.01.2021).
3. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі», 2020 жылғы 1 қыркүйек // Егемен Қазақстан.- 02.09.2020, № 166 (29895).
4. Alho, E. Farmers’ willingness to invest in new cooperative instruments: a choiceexperiment / E. Alho // Annals of Public and Cooperative Economics.-2019.-N 90 (1).-PP. 161-186.
5. Couleau, A. Microstructure Noise and Realized Variance in the Live Cattle Futures Market / A. Couleau, T. Serra, P.Garcia // American Journal of Agricultural Economics.- 2019.-N101 (2).-PP. 563-578 DOI:10.1093/ajae/aay052.
6. Омарбакиев, Л.А. Қазақстан Республикасының аграрлық секторы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру / Л.А. Омарбакиев, Ж. Жарылқасын // Проблемы агрорынка.-2020.-№4.-Б.40-46 DOI: 10.46666/2020-4-2708-9991.04/.
7. Gaspar, A.O. A simulation of the economic and financial efficiency of activities associated with beef cattle pasture / A.O. Gaspar, R.C. Brumatti, L.A. De Paula, A.M. Dias // Custos e Agronegocio.- 2018.- 14 (1).- PP. 74-98.
8. Керімбек, F.E. Агроөнеркәсіптік өндірістің бәсекелестік қабілетін арттыру проблемалары/ F.E. Керімбек, Р.Б. Сартова, Д.З. Айгужинова // Проблемы агрорынка.- 2016.- № 3.- Б. 35-39.
9. Kühl, S. Economic assessment of small-scale mountain dairy farms in South Tyrol depending on feed intakeand bree/ S. Kühl, L. Flach, M. Gauly //Italian Journal of Animal Science.- 2020.-N19(1).-PP. 41-50. DOI: 10. 1080/1828051X.2019.1691064.
10. Kozlov, V.A. Economic concept of food development of Russian market / V.A. Kozlov, O.A. Moiseeva, V.G. Ponomarev, L.E. Popok, O.A. Filippova, F.F. Sterlikov// European Research Studies Journal.-2018.-N21.-PP.62-72 DOI: 10.35808/ersj/1361.
11. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 шілдедегі № 423 Қаулысы (2020.28.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) [Электрондынык ресурс].– 2020.- URL: http://www.adilet.zan.kz/rus/docs/P1800000423 (қаралған күні: 27.02.2021).
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Алтайбаева Ж.К., Шеломенцева В.П., Айгужинова Д.З. Агроөнеркәсіптік өндіріс субъектілерін ғылыми-ақпараттық сүйемелдеудің мал шаруашылығы саласының нәтижелілігіне әсері. Аграрлық нарық проблемалары. 2021;(1):74-82. https://doi.org/10.46666/2021-1.2708-9991.09
For citation:
Altaibayeva Z.C., Shelomentseva V.P., Aiguzhinova D.Z. The impact of scientific and information support for agro-industrial production entities on the performance of livestock production sector. Problems of AgriMarket. 2021;(1):74-82. (In Kazakh) https://doi.org/10.46666/2021-1.2708-9991.09