Preview

АӨК-ні инфрақұрылымдық жаңғырту ауылдық жерлердің жедел дамуының маңызды векторы ретінде

https://doi.org/10.46666/2024-3.2708-9991.05

Толық мәтін:

Аннотация

Мақала ауылдық аумақтардың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелеріне арналған – Қазақстанның ауылдық жерлердің экономикалық әлеуетін зерттеу. Мақсаты – Павлодар облысы Евгеньев ауылдық округі Үштерек ауылында ауылдық аумақтардың экономикалық әлеуетін зерделеу, өндірістік және әлеуметтік қайта құрулардың перспективалық бағыттарын анықтау.
Әдістер – мәселелік жағдайларды анықтау, мақсаттарды қою және міндеттерді шешу үшін мақсатты, гипотезаны қою, стратегиялық жоспарлау және болжау әдістері қолданылды. Талдау ақпараттарына негізделген дәлелдемелер, салыстыру, бағалау, жалпылау және статистикалық деректерді жүйелеу арқылы алынды. Нәтижелер – авторлар осы аймақтың әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу деңгейін талдады. Әлеуметтік инфрақұрылымның кеңеюіне әсер ететін түрлі факторлар зерттелді. Нәтижесінде, осы сектордың нәтижелі қызметіне кедергі келтіретін проблемалар спектрі анықталды. Ауылдық ауданның экономикалық әлеуетін іске асыру инфрақұрылымдық объектілерді модернизациялау мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.
Қорытындылар – регионалдық әлеуметтік ресурстар жүйесі халықтың өмір сапасын және әл-ауқатын арттыруға бағытталған мемлекеттік мүдделерді ескеруі тиіс. Бұл, ең алдымен, тұрғын үй мәселелерін шешу, тұрғындардың сапалы тұрғын үйге деген өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыру, экологиялық жағдайды жақсарту, еңбек өнімділігін және тауарлар мен қызметтер көлемін арттыру үшін жұмысшылардың кәсіби даярлығын күшейту, ауыл тұрғындарының әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету. Ауылдық аумақтарға арналған әлеуметтік бағдарламаларды әзірлеуге мемлекеттік органдар қызығушылық танытуы керек, себебі міндеттердің тезірек шешілуі ауыл тұрғындарының ауылда қалуын қамтамасыз етудің негізгі критериі болып табылады, бұл республика үшін урбанизацияның жылдамдығы артып жатқан жағдайда аса маңызды.

Авторлар туралы

М. К. Каримбергенова
Торайғыров университеті
Қазақстан

Каримбергенова Мадина Кудайбергеновна – негізгі автор; Ph.D докторы; «Экономика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры

140001 Ломов көш., Павлодар қ.



Д. К. Әзімбаева
Торайғыров университеті
Қазақстан

Әзімбаева Дария Қасқырбайқызы; экономика ғылымдарының магистрі; Павлодар облысы Ақсу қ. статистика басқармасының маманы статистика басқармасының маманы

140100 Мәншүк Мәметов көш., 12., Ақсу қ., Павлодар облысы



С. А. Сагинова
Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті
Қазақстан

Сагинова Сания Азимовна; Ph.D докторы; «Экономика және басқару» кафедрасының қауымдастырылған профессоры

010000 Кайым Мухамедханов көш., 37А, Астана қ.



Әдебиет тізімі

1. «Стратегия «Казахстан-2050»: новый политический курс состоявшегося государства» [Электронный ресурс]. ‒ 2023. - URL: https://www.primeminister.kz/ru/gosprogrammy/strategiya-kazahstan-2050 (дата обращения: 12.06.2024).

2. Об утверждении Концепции развития сельских территорий Республики Казахстан на 2023-2027 годы [Электронный ресурс]. ‒ 2023. -URL: https://www.adilet.zan.kz/kaz/docs/P2300000270 (дата обращения 22.07.2024).

3. Werenfridus, T. Impact of agricultural infrastructure development on inequality and optimization equality of farmers’ income in Indonesia-Timor Leste Border Area / T. Werenfridus, P.S. Boanerges // Asian Journal of Agriculture and Rural Development. – 2023. – Vol. 13. – N. 4. – P. 269-276.

4. Тrees, A. P. Technical efficiency of traditional agriculture based on local knowledge of smallholder farmers / A.P. Тrees, R. Nurmalina // Asian Journal of Agriculture and Rural Development.– 2023. – Vol. 13. – N. 3. – P. 206-214.

5. Roman, M. Innovative Development of Rural Green Tourism in Ukraine / M. Roman, I. Kudinova // Tourism and Hospitality. – 2024. – Vol. 5. – N. 3. – P. 537-558. https://doi.org/10.3390/tourhosp5030033

6. Zhaoxin, H. Impact of China’s Digital Economy on Integrated Urban–Rural Development / H. Zhaoxin, L. Huifang // Sustainability. – 2024.- Vol. 14. -N. 16. – P. 5863. https://doi.org/10.3390/su16145863

7. Guo, S. The Driving Factors of Food Waste in Chinese Urban Households: A Qualitative Study Based on Grounded Theory / S. Guo, H. Guo // Sustainability. – 2024. - №16. – P. 6091. https://doi.org/10.3390/su16146091

8. Сельское, лесное и рыбное хозяйство в Республике Казахстан. Статистический сборник [Электронный ресурс].-2023.-URL: https://www.stat.gov.kz/ru/industries/businessstatistics/stat-forrest-village-hunt-fish/publications/ (дата обращения: 12.06.2024).

9. Киварина, М.В. Анализ современного состояния и динамики развития растениеводства России / М.В. Киварина, Н.Н. Юрина // Вестник аграрной науки. – 2020. – №5 (86). – С. 130-138.

10. Акимбекова, Г.У. Приоритетные направления развития агропромышленного комплекса Казахстана / Г.У. Акимбекова, Г.А. Никитина // Проблемы агрорынка. – 2020. - №4. – С. 13-23.

11. Divletsen, K. Healthy food is nutritious, but organic food is healthy because it is pure: The negotiation of healthy food choices by Danish consumers of organic food / K. Divletsen, P. Sandoe, J. Lassen // Food Quality and Preference. - 2019. - Vol. 71. - P. 46-53.

12. Лылов, А.С. Эффективность функционирования птицепродуктового подкомплекса в условиях устойчивого развития сельских территорий / А. С. Лылов, И. С. Кондратенко. – Тюмень: государственный аграрный университет Северного Зауралья, 2022. – 236 с.

13. Муравьева, М.В. Мотивационный механизм социально-экономического разви-тия / М.В. Муравьева. – Саратов: Саратовский государственный аграрный университет им. Н. И. Вавилова», 2021. – 250 с.

14. Liu, Y. Has Digital Village Construction Narrowed the Urban – Rural Income Gap: Evidence from Chinese Counties. Sustainability / Y. Liu, H. Zhang, M. Ning, L. Wang // Sustainability. – 2024. - №16. –Issue 13.- 5330. https://doi.org/10.3390/su16135330

15. Donner, M. Business Model Innovation for a Circular Economy in the Agricultural Sector/ M. Donner, H.De Vries // Academy of Management Proceedings.- 2020.- №101.- P.203-215. https://doi.org/10.5465/AMBPP.2020.12567abstract


Қосымша файлдар

Рецензия

Дәйектеу үшін:


Каримбергенова М.К., Әзімбаева Д.К., Сагинова С.А. АӨК-ні инфрақұрылымдық жаңғырту ауылдық жерлердің жедел дамуының маңызды векторы ретінде. Аграрлық нарық проблемалары. 2024;(3):58-66. https://doi.org/10.46666/2024-3.2708-9991.05

For citation:


Karimbergenova M.K., Azimbayeva D.K., Saginova S. Infrastructural modernization of the agro-industrial complex as the most important vector of accelerated development of rural areas. Problems of AgriMarket. 2024;(3):58-66. https://doi.org/10.46666/2024-3.2708-9991.05

Қараулар: 129


ISSN 1817-728X (Print)
ISSN 2708-9991 (Online)