Ауыл халқының кәсіпкерлік әлеуетін бағалаудың интегралдық кӛрсеткіштерін құру әдістері
https://doi.org/10.46666/2024-2.2708-9991.04
Аннотация
Мақсаты - ауылдық жерлердегі кәсіпкерлік әлеуетті зерттеу нәтижелерінің сандық және сапалық кӛрсеткіштеріне талдау жасалған, Қазақстан ӛңірлеріндегі іскерлік белсенділіктің жай-күйін интегралды бағалау үшін әдістемелік құралдарды қалыптастыру әдістемелері қаралған.
Әдістері - статистикалық, рейтингтік жүйелер кәсіпкерлердің іскерлік бастамасына әсер ететін негізгі факторларды ашады, нақты объективті шешімдерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін кәсіпкерлік қызмет индекстерін анықтауға ықпал етеді.
Нәтижелер - бұл нормативтік материалдар республикадағы шағын және орта агробизнестің жай-күйін жан-жақты бағалайтыны және агроӛнеркәсіптік ӛндірістің инновациялылығы мен экологиялылығына тенденцияларды ескере отырып, мемлекеттік бағдарламаларды, ұлттық жобаларды, одан әрі ғылыми ізденістерді әзірлеу және түзету кезінде пайдаланылуы мүмкін екендігі кӛрсетілген.
Қорытындылар – аграрлық саладағы кәсіпкерлікті дамыту экономикалық және әлеуметтік жағдайды айқындайды, бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы ӛнімдері мен азық-түлік ӛндірісі үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері ауылдың әлеуметтік тұрақтылық мәртебесін кӛтеруге, әртараптандыруды қолдауға қабілетті. Кәсіпкерлік тәуекелдерді тиімді басқару үшін пәрменді шаралар қажет. Кәсіпорындардағы бизнес-процестерді мониторингтеу кезінде олардың әлеуетті ресурстық мүмкіндіктерін анықтау және болашақта пайдалану сияқты міндеттерді шешу үшін негіз ретінде оңтайлы параметрлерді қалыптастыру қажеттілігі негізделген. Бұл тәсілдің мақсаты – «сыни нүктелерді» уақтылы белгілеу және шағын аграрлық бизнестің тиімділігін арттырудың заманауи әдістерін қолдану. Стратегиялық жоспарлау және болжау саласында ұсынылған әдістеме ӛңірлерде ірі инновациялық жобаларды іске асыру кезінде түпкілікті нәтижеге бағдарланған менеджмент, бағдарламалық-нысаналы бюджеттеу рәсімдерін жүзеге асыру үшін ерекше маңызды.
Авторлар туралы
Г. А. АсановаҚазақстан
Асанова Гүлнар Әбділдақызы; экономика ғылымдарының кандидаты, доцент; «Экономика» кафедрасының доценті
010000 Жеңіс, даңғ., 62, Астана қ
А. Ж. Касенова
Қазақстан
Касенова Асия Жандарбековна; экономика ғылымдарының кандидаты, доцент; «Менеджмент және маркетинг» кафедрасының қауымдастырылған профессор
010000 Жеңіс, даңғ., 62, Астана қ
А. В. Хапова
Қазақстан
Хапова Алена Викторовна; экономика ғылымдарының магистрі; «Менеджмент және маркетинг» кафедрасының аға оқытушысы
010000 Жеңіс, даңғ., 62, Астана қ
Әдебиет тізімі
1. Лепешкин, С.М. Количественная оценка уровня развития предпринимательства в регионе / С.М. Лепешкин // Российское предпринимательство. -2013.- №1. -С. 158–162.
2. Маликов, Р.И. Методические подходы к оценке эффективности государственного регулирования предпринимательской деятельности в контуре региональной деловой среды / Р.И. Маликов, Р.Р. Зайнашев// Управленческие науки в современном мире.- 2017. -№ 1. - С. 233–240.
3. Белкина, Е.Н. Методика оценки уровня развития предпринимательской среды / Е.Н. Белкина, К.Р. Мусаева, М.М. Адашев // Политематический сетевой электронный научный журнал Кубанского государственного аграрного университета.- 2017.- № 125.- С. 611–622.
4. Дорошенко, С.В. Оценка влияния институциональных факторов на развитие малого предпринимательства / С.В. Дорошенко, О.В. Санаева. // ЭТАП: экономическая теория, анализ, практика.– 2021.– №1.– C. 63-80.
5. Щербакова, Е.В. Иерархическая структура экономического потенциала региона / Е.В. Щербакова // Регионология.-2018.-N26(3). –С. 422-437. https://doi.org/10.15507/2413-1407.104.026.201803.422-437.
6. Тухватуллин, Р.Ф. Методы оценки социально-экономического развития реального сектора региона Ферафонтова М.В. / Р.Ф. Тухватуллин // Справочник российского предпринимательства. – 2018.- № 16. -С. 421–419. https://doi.org/10.18334/rp.16.21.2017
7. Staniewski, Marcin W. Entrepreneur's Family Communication Questionnaire - Psychometric properties of the tool Marcin W Staniewski, Katarzyna Awruk, Giuseppe Leonardi // Technological Forecasting and Social Change.2023.-Vol.190.-122418. https://doi.org/10.1016/j.techfore.2023.122418
8. Адырхаева, Э.А. Оценка эффективности государственной поддержки малого и среднего бизнеса в современной экономике / Э.А. Адырхаева // Актуальные вопросы современной экономики: междунар. науч. электрон. журн. – 2021. – № 1. – С. 469-475.
9. Del Olmo-García, F. Determinant factors for the development of rural entrepreneurship / F. Del Olmo-García, I. Domínguez-Fabián, F. Javier Crecente-Romero, M.T. del Val-Núñez //Technological Forecasting and Social Change.- 2023.- Vol.191. - 122487 https://doi.org/10.1016/j.techfore.2023.122487.
10. Іскерлік белсенділік индексі [Электрондық ресурс].-2018.- URL: https://www.enc.fxeuroclub.com/55/ (қаралған кұні 29.03.2024).
11. Antonova, E. Evolution of Human Dairy Product’s Needs / E. Antonova, I. Pashkova, V. Andrukhova // Earth and Environmental Science.- 2021.- N 3. - P. 839- 843.- 022046.
12. Clay, N. Dairy Intensification: Drivers, Impacts, and Alternatives / N. Clay, T. Garnett, J. Lorimer // Ambio.- 2020.- N49.- P. 35-48.
13. Pan, Yuxi. The impact of entrepreneurship of farmers on agriculture and rural economic growth: Innovation-driven perspective/ Yuxi Pan, Siqian Zhang, Mengyue Zhang // Innovation and Green Development.-2024.-Vol.3.- issue 1.- P. 1-14. https://doi.org/10.1016/j.igd.2023.100093
14. Bocker, R. Innovative Technologies for Manufacturing Plant-Based Non-Diary Alternative Milk and Their Impact on Nutritional, Sensory, and Safety Aspects / R.Bocker, E.Silva // Future Food. - 2022. - № 5. – P.178-183.
15. Simba, Ammon. Deconstructing selforganisation in microentrepreneurship: A social embeddedness perspective / Ammon Simba, Yan Wang, Francisco del Olmo García //Journal of Business Research.- 2023.-Vol.162.- 113916. https://doi.org/10.1016/j.jbusres.2023.113916
Қосымша файлдар
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Асанова Г.А., Касенова А.Ж., Хапова А.В. Ауыл халқының кәсіпкерлік әлеуетін бағалаудың интегралдық кӛрсеткіштерін құру әдістері. Аграрлық нарық проблемалары. 2024;(2):53-64. https://doi.org/10.46666/2024-2.2708-9991.04
For citation:
Asanova G.A., Kassеnova A.Zh., Khapova A.V. Methods of constructing integral indicators for assessing entrepreneurial potential of the rural population. Problems of AgriMarket. 2024;(2):53-64. (In Kazakh) https://doi.org/10.46666/2024-2.2708-9991.04