Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану
https://doi.org/10.46666/2024-1.2708-9991.15
Аннотация
Мақсаты – ауылшаруашылық дақылдарын өсіру үшін жер көлемін ұтымды пайдаланудың маңыздылығын зерттеу. Бұл ретте республиканың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында олардың өнімділігін арттыруға шешуші рөл берілген. Әдістері – экономикалық-статистикалық, факторлық талдау және маркетингтік зерттеу. Нәтижелері – ауыл шаруашылығында пайдаланылмайтын бос жерлерді қайтару және қайта бөлу механизмін жетілдіру қажеттілігі анықталған. Ауыл шаруашылығы айналымына тарту мақсатында олардың мәртебесін арттыру керек екені анықталған. Егіс алқабының болжамы және агроөнеркәсіптік дақылдарды өсірудің тиімділігі есептелген. Пайдаланылмаған жерлерді ауылшаруашылық айналымына қайтару олардың өнімділігін 32%-ға дейін арттырады, сонымен қатар ауылшаруашылық өнімдеріне деген қажеттілікті қамтамасыз етеді, дейді авторлар. Қорытындылар – ауылшаруашылық мақсатта толық пайдалану үшін жер учаскелерінің осындай санатын мемлекетке беру процесін жеделдету қажет, өйткені ауылшаруашылық мақсатындағы егістік алқаптары азаяды, бұл кейбір ауылшаруашылық өсімдіктерінің өнімділігіне теріс әсер етеді. Ауыл шаруашылығында жерді ұтымды пайдалану, елдің азық-түлік мәселесін шешу топырақтың құнарлылығын арттыруға, агроэкожүйелердің тұрақтылығына айтарлықтай қауіп төндіретін эрозиямен күресуге және олардың деградациясын төмендетуге ықпал етеді. Экономикасы дамыған елдерде жерді жүйелі есепке алу әдісі қолданылады. Оның айрықша сипаттамасы өңір шегінде жер телімдерімен тіркеу есепке алу іс-қимылдарын жүргізу мүмкіндігі және төмен үлес шығындары болып табылады. Қазақстанда бұл тәсілді елдің жер қоры едәуір үлесін құрайтын ауыл шаруашылығы жерлеріне қатысты қолданған жөн. Ұсынылған әдістер иесіз жер массивтерінің санын азайтуға, инвестициялық тартымдылықты арттыруға, сондай-ақ шаруа (фермер) қожалықтарын қолдауға мүмкіндік береді.
Авторлар туралы
А. А. АбдикадироваҚазақстан
Абдикадирова Анар Адилхановна – Ph.D докторы
010000 Мәңгілік Ел даңғ., 55/5, Астана қ.
Ж. А. Дулатбекова
Қазақстан
Дулатбекова Жанар Абдираевна - экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессоры; «Туризм» кафедрасының қауымдастырылған профессоры
010008 Сәтпаев кӛш., 2, Астана қ.
А. Б. Баймбетова
Қазақстан
Баймбетова Асель Батырхановн - экономика ғылымдарының кандидаты; «Туризм» кафедрасының доценті
010008 Сәтпаев кӛш., 2, Астана қ.
Әдебиет тізімі
1. Жанадилов, А.Ю. Современные проблемы экологии: учеб. пособие / А.Ю. Жанадилов, Л.А. Ибрагимова. - Астана: LP-Zhasulan, 2021.- 214с.
2. «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен ӛркендеуінің негізі» - атты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты. [Электрондық ресурс].- 2023.- URL: https://www.akorda.kz/kz/addresses/addresses_of_president/memleket-basshysy-kasym-zhomart-tokaevtyn-kazakstan-halkyna-zholdauy (қаралған күні: 18.01.2024).
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті [Электрондық ресурс].- 2023.- URL: https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/documents/details/73288?lang=kk (қаралған күні: 18.01.2024).
4. Труфляк, Е.В. Точное сельское хозяйство / Е.В Труфляк: учеб. - Санкт-Петербург, М., Краснодар: Лань, 2021. – 511с.
5. Obi Reddy, G.P. Data science in agriculture and natural resource management / G.P. Obi Reddy, Mehul Raval, S. Adinarayana - Singapore: Intelligent Technologies and Robotics, 2022.-316p.
6. Айтхожаева, Г.С. Повышение эффективности использования сельскохозяйственных угодий / Г.С. Айтхожаева // Проблемы агрорынка. -2019.- N2.- C.190-196.
7. Кемел, М. Сельское хозяйство Казахстана: хронология развития и современное состояние / М. Кемел, А.М. Бакирбекова, А.С. Жалбиева. - Алматы: New book, 2021. – 355с.
8. Шаймерденова, А.А. Мониторинг сельскохозяйственных земель / А.А. Шаймерденова, Л.А, Глушань // Проблемы агрорынка. -2019.- N.1 – С. 142-149.
9. Аймурзина, Б. Қазақстанның аграрлық секторының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ролі / Б.Аймурзина, М. Каменова, М. Батай // Проблемы агрорынка. - 2019.-N2.-Б.20-26.
10. Кайдарова, Л.К. Системный подход к регулированию земельных отношений в Павлодарской области Казахстана / Л.К. Кайдарова, З.А. Арынова, Ш.Ж. Рахметуллина //Проблемы агрорынка.- 2023.-N 1.-С.172-180.
11. Kong, Xiangzhi. Modernization of agriculture and rural development in China; translated by Zhu Lili / Xiangzhi Kong.- Beijing: China Renmin University Press, 2021.- 216p.
12. Эминова, Н.Э. Информационные системы экономического анализа (курс лекций): учеб. пособие / Н.Э. Эминова // Дагестанский государственный университет народного хозяйства. - Махачкала: ДГУНХ, 2019. - 165 с.
13. Шварц, Ю.А. Экономико-математические методы: учеб. пособие / Ю.А. Шварц // Пермский государственный национальный исследовательский университет. – Пермь: Перский государственный национальный университет, 2023. – 94 с.
14. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы ресми сайты [Электрондық ресурс].- 2022.- URL: https://www.stat.gov.kz/official/industry/22/publication (қаралған күні: 17.01.2023).
15. Қазақстан Республикасы Премьер-Министріінің ресми ақпараттық ресурсы [Электрондық ресурс].- 2023.- URL: https://www.primeminister.kz/kz/news/alihan-smayylovzhayylymdyk-zherlerdin-kolzhetimdiligi-kazakstannyn-azyk-tulik-kauipsizdigine-tikeley-katysybar-asa-manyzdy-masele-170534 (қаралған күні: 17.01.2023).
16. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі ресми сайты [Электрондық ресурс].- 2023.- URL: https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/490270?lang=ru (қаралған күні: 07.01.2023).
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Абдикадирова А.А., Дулатбекова Ж.А., Баймбетова А.Б. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану. Аграрлық нарық проблемалары. 2024;(1):174-182. https://doi.org/10.46666/2024-1.2708-9991.15
For citation:
Abdikadirova A., Dulatbekova Zh., Baimbetova A. Rational agricultural land use. Problems of AgriMarket. 2024;(1):174-182. (In Kazakh) https://doi.org/10.46666/2024-1.2708-9991.15