Ауыл шаруашылығындағы еңбек нарығы: жұмыс істеудің аймақтық ерекшеліктері
https://doi.org/10.46666/2023-4.2708-9991.20
Аннотация
Мақсаты - ауылдық жерлерде еңбек нарығының жұмыс істеу механизмін зерттеу.
Әдістері – абстрактілі-логикалық, жүйелік, салыстырмалы, статистикалық талдау, бақылау.
Нәтижелері - Павлодар облысының ауылдық еңбек ресурстары нарығының қалыптасуы мен дамуына әсер ететін ішкі және сыртқы факторлар талданды, сондай-ақ аграрлық еңбек нарығындағы шиеленісті төмендету жөніндегі шаралар ұсынылған. Осы өңірдің ауылдарындағы жұмысқа орналастыру нарығы және оның ауыл шаруашылығы мен ауылдық аумақтар үшін маңызы қаралған. 2014-2022 жылдардағы статистикалық мәліметтер негізінде аудандық деңгейде еңбек нарығының негізгі индикаторлары ұсынылған. Экономикалық дамымаған елді мекендерді анықтауға мүмкіндік беретін тауарлар мен қызметтерді өндірумен айналысатын халықтың құрылымы көрсетілген. Еңбекке қабілетті адамдардың көші-қоны, ауыл тұрғындарының қартаюы, жұмыссыздық проблемалары: жұмыс күшінің таралуы, аумақтық қолжетімділіктің төмен дәрежесі, еңбекті қолдану саласының ауыл шаруашылығына жатпайтын түрлерінің шектелуі салдарынан ауылдық елді мекендердің еңбекке қабілетті азаматтары санының қысқаруы анықталды. Ауылдық аудандардың әлеуметтік инфрақұрылымын жетілдіру, қабылданған қолдау шаралары, кәсіпкерлікті танымал ету, кооперация, оның ішінде Ш(Ф)Қ, тауарлық ЖҚШ туралы хабардарлықты арттыру бағыттары негізделген.
Қорытындылар - ауыл шаруашылығы еңбек нарығындағы теңгерімсіздіктің себептерінің бірі-кәсіптік қызметтің қанағаттанарлықсыз жағдайларына, біліктілікті арттыру және мансаптық өсу мүмкіндігінің болмауына байланысты ауылдық аумақтық бірліктердегі жұмыс орындарының сапасының төмендігі. Ауыл экономикасын ауқымды әртараптандыру, фермерлерді қолдау және жұмыспен қамту мен өзін-өзі жұмыспен қамтудың баламалы түрлері теріс үрдістерді тегістеуге және қосымша табыс алуға мүмкіндік береді. Осы нарық сегментін тұрақтандыру бойынша іс-шаралар ұсынылған.
Авторлар туралы
Г. Е. НурбаеваҚазақстан
Нурбаева Гүлмира Ержанқызы; экономика ғылымдарының кандидаты; «Қаржы және есеп» кафедрасының қауымдастырылған профессоры
140000 Ломова кӛш., 64, Павлодар қ.
Е. Т. Шахман
Қазақстан
Шахман Ертарғын Тойганұлы; Ph.D докторанты «Бизнес және басқару» кафедрасы
140000 М. Горький кӛш., 102/4, Павлодар қ.
Әдебиет тізімі
1. 10 особенностей рынка труда Казахстана [Электронный ресурс].-2022. - URL: https://www.aerc.org.kz/articles/ekonomicheskie-issledovanija/10-osobennostej-rynka-truda-kazahstana (дата обращения 4.06.2023).
2. Акишина, М.Л. Совершенствование механизма формирования баланса трудовых ресурсов в сельской местности (на примере Алтайского края) / М.Л. Акишина, А.А. Фанненштиль, Е.Ю. Лейбгам, Ю.Н. Назаркина, С.Н.Пенчева С.Н. – Барнаул: РИО АГАУ, 2014. – 167 с.
3. Буланов, В.С. Методологические вопросы исследования рынка труда / В.С. Буланов // Общество и экономика, 2019. – 210 с.
4. Narayanamoorthy, A. Decelerating Farmers’ Incomes New Evidence from SAS Data and Ways Forward / A. Narayanamoorthy, C.S Nuthalapati/ Economic and Political Weekly - 2023. - 58(42). - P. 13–17.
5. Гиззатова, А.И. Трудовые ресурсы казахстанского села / А.И. Гиззатова, С.М. Есенгалиева О.В. Черемухина // Проблемы агрорынка. - 2023. - N 3. - С.169-178.
6. Ыдырыс, С.С. Государственное регулирование рынка труда в трудоизбыточных сельских регионах Казахстана/ С.С. Ыдырыс, Р.К. Ниязбекова, С.А. Илашева // Проблемы агрорынка. - 2022. - № 4. - С.179-189.
7. Социальный кодекс Республики Казахстан от 20 апреля 2023 года № 224-VII ЗРК [Электронный ресурс]. - 2023. – URL:https://www.adilet.zan.kz/rus/docs/K2300000224 (дата обращения: 21.09.2023).
8. Гиззатова, А.И. Актуальные проблемы аграрного рынка труда в Республике Казахстан / А.И. Гиззатова, А.А. Ким // Проблемы агрорынка. -2015. - N 4. - С.111-119.
9. Данные Департамента Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан по Павлодарской области [Электронный ресурс]. - 2023. https://www.stat.gov.kz/ru/region/pavlodar (дата обращения: 17.07.2023).
10. Булхаирова, Ж.С., Балкибаева А.М., Айдынов З.П. Человеческий капитал в сельском хозяйстве Казахстана: современные тенденции / Булхаирова, Ж.С., Балкибаева А.М., Айдынов З.П. // Проблемы агрорынка. – 2017. - N 4. - С. 180-184.
11. Klimentova, E. Regional features of rural unemployment in Russia / E. Klimentova, A. Dubovitsk, E. Yurina, G. Bayanduryan, R. Agabekyan // Ekonomika poljoprivrede. - 2021 – 68(2). – P. 357-374.
12. Dillon, Brian. Asymmetric non-separation and rural labor markets /Brian Dillon, Peter Brummund, Germano Mwabu //Journal of Development Economics. - 2019 .-Vol. 139 (11). - P. 78-96.
13. Абуов, К.К. Проблемы занятости в сельском хозяйстве Казахстана (на примере Акмолинской области) / К.К. Абуов, Н.Е. Абдильдинова/ //Проблемы агрорынка. - 2018. N 3- C.193-199.
14. Kvist, E. Who's there? – Inclusive growth, ‘white rurality’ and reconstructing rural labour markets/ E. Kvist / //Journal of Rural Studies.- 2020. –Vol. 73. - P. 234-242.
15. Aimurzina, B. State Policy Regulations of Agriculture for Sustainable Development of Rural Tourism / B. Aimurzina., Sh. Yertargyn, A.Nurmaganbetova, A. Narynbayeva., G.Abdramanova, Zh. Мizambekova //Journal of Environmental Management and Tourism. -2023. – Vol. XIV. - P. 2004 – 2014.
16. Thaba-Nkadimene, K.L. Extreme poverty among the rural black south africans: Towards entrepreneurship education/ K.L Thaba-Nkadimene //International Journal of Entrepreneurship.- 2020.- N 24(5). - P.1–11.
17. Женсхан, Д. Вопросы занятости и доходов сельских жителей Республики Казахстан: роль кооперации. / Д. Женсхан, О. Ә. Әлипбеки, К. Бодаухан // Проблемы агрорынка. - 2023.- N 3- C. 202-210.
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Нурбаева Г.Е., Шахман Е.Т. Ауыл шаруашылығындағы еңбек нарығы: жұмыс істеудің аймақтық ерекшеліктері. Аграрлық нарық проблемалары. 2023;(4):199-210. https://doi.org/10.46666/2023-4.2708-9991.20
For citation:
Nurbayeva G.Ye., Shakhman Ye.T. Labor market in agriculture: regional features of functioning. Problems of AgriMarket. 2023;(4):199-210. (In Kazakh) https://doi.org/10.46666/2023-4.2708-9991.20