Preview

Қазақстан Республикасы ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтылуы және табысы мәселелері: кооперацияның рөлі

https://doi.org/10.46666/2023-3.2708-9991.20

Толық мәтін:

Аннотация

Қазақстанның АӨК дамытудың басым бағыттарының бірі-ауыл шаруашылығы кооперативтеріне шаруашылықтың шағын нысандарын біріктіру және өнімді өндірушіден тұтынушыға дейін жылжыту жүйесінде инфрақұрылым құру арқылы аграрлық өндірістің ұсақ тауарлы сипатын шешу. Алайда, кооперативтік қағидаттардың артықшылықтары, әлеуетті резерв әлі толық іске асырылуда, олардың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы рөлі мен маңызы жете бағаланбайды.

Мақсаты – республикадағы ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ағымдағы жай-күйін талдау және ауыл халқының өмір сүру сапасына әсер ету тетігін ғылыми негіздеу.

Әдістері – экономикалық-статистикалық, дерексіз-логикалық, салыстырмалы талдау, жүйелеу.

Нәтижелері – 2018-2022 жылдардағы кооперация саласының кеңеюіне және ауылдық елді мекендерді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларына талдау жүргізілді. Олардың экономикалық, әлеуметтік, демографиялық мәселелерді реттеудегі және ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттырудағы рөлі көрсетілген. Кооперация процесін тежейтін негізгі қолайсыз факторлар қарастырылады: оның талаптарына сәйкестігін қаржылық бақылаудың әлсіз дәрежесі, кепіл мүлкінің болмауы немесе оның өтімсіздігі.

Қорытындылар – ауыл тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз етуде шаруа (фермер) және жеке қосалқы шаруашылықтар шешуші рөл атқарады. Ауыл шаруашылығы кооперациясы ауыл шаруашылығы өндірушілерінің шаруашылық жағдайларын жақсартуға көмектеседі, сала ресурстарын тиімді және ұтымды пайдалануға, фермерлерге материалдық-техникалық көмек көрсетуге, тәуекелдерді басқара отырып, экспорт көлемін ұлғайта отырып, халықаралық нарықтарға шығуға мүмкіндік береді. Алайда, кооперативтік қозғалысқа оның әлеуетті қатысушылары тұрғысынан қатысуға ынталандыруды айқындайтын критерийлер жеткілікті зерттелмеген, оларға ауылдық аудандардың халқы өңірлік еңбек нарығының субъектілері ретінде жатады: бұл, ең алдымен, табыс деңгейі мен көздері, малдың болуы, отбасының құрамы. Ауыл шаруашылығы мен қайта өңдеу өнеркәсібін нығайтуға бағытталған мемлекеттің белсенді саясатының міндеттері жаңа интеграциялық құрылымдарсыз орындалмайды.

Авторлар туралы

Д. Женсхан
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті

Женсхaн Дарима экономикa ғылымдaрының кaндидaты; «Менеджмент және маркетинг» кафедрасының қaуымдaстырылғaн профессоры

010000 Жеңіс даңғ., 62, Астана қ.



О. Ә. Әліпбеки
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
Қазақстан

Әліпбеки Оңғарбек Әліпбекұлы - биология ғылымдaрының докторы; «Геодезия және картография» кафедрасының профессоры кафедрасының профессоры

010000 Жеңіс даңғ., 62, Астана қ.



К. Бодаухан
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
Қазақстан

Бодаухан Қайрат - экономикa ғылымдaрының кaндидaты; «Менеджмент және маркетинг» кафедрасының қaуымдaстырылғaн профессоры

010000 Жеңіс даңғ., 62, Астана қ.



Әдебиет тізімі

1. Candemir, A. Agricultural cooperatives and farm sustainability – a literature review / A. Candemir, S. Duvaleix //Journal of Economic Surveys. - 2021. - Vol. 35. -№ 4.- P. 1118–1144.

2. Wadsworth, J.J. Marketing Operations of Dairy Cooperatives, 2017, USDA Rural Development [Electronic resource].-2019-URL: https://dx.doi.org/10.22004/ag.econ.313041 (date of access: 12.05.2023).

3. «Қaзaқстaн Республикaсының aуылдық aумақтарын дaмытудың 2023-2027 жылдaрға aрнaлған тұжырымдамасы туралы» Қаулы. ҚР Президентінің ресми сайты [Электрондық ресурс].- 2023.- URL: https://www.akorda.kz/kz/kazakstan-respublikasynyn-auyldyk-aumaktar-yn-damytudyn-2023-2027-zhyldarga-arnalgan-tuzhyrymdamasy (қаралған күні:25.04.2023).

4. «Қaзaқстaн Республикaсының aуылдық aумақтарын дaмытудың 2023-2027 жылдaрға aрнaлған тұжырымдамасы». Қaзақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 нaурыздaғы № 270 Қaулысы [Электрондық ресурс].-2023.-URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P2300000270 (қаралған күні: 07.04.2023).

5. Аймурзина, Б.Т. Развитие сельскохозяйственной кооперации в казахстане / Б.Т. Аймурзина, М.Ж. Каменова, С.К. Ержанова, Б.К. Спанова // Вестник Казахского университета экономики, финансов и международной торговли. – 2022. – №3 (48). – С.8-15.

6. Дабылтаева, Н.Е. Қазақстанның ауыл шаруашылығы кооперациясының жағдайы және даму перспективасы / Н.Е. Дабылтаева, А.Нуртаева // Вестник университета «Туран» 2022.–№1(93). -Б.36-41.

7. Кaлиев, Г.А. Сельскохозяйственнaя кооперaция в республике кaзaхстан: проблемы и пути их решения / Г.А. Кaлиев, Г.У. Акимбековa, // Проблемы агрорынка. - 2018. – № 1.- С. 1-15.

8. UNDESA. World Social Report 2021. Reconsidering Rural Development. Department of Economic and Social AffairsSocial Inclusion. [Electronic resource].- 2022.- URL: https://www.un.org/development/desa/dspd/world-social-report/2021-2.Html (date of access: 25.05.2023).

9. Жакипова, А.С. Сельскохозяйственный кооператив как основа развития села (на примере Акмолинской области Республики Казахстан) / А.С Жакипова, Ж.Ж. Кусаинова, Д.Д. Байбекова // Международный научный журнал «Молодой ученый».- 2022. -№ 47 (442).- С.99-101.

10. Бодаухан, К. Ішкі көші-қон және оның Қазақстанның ауылдық аумақтарының әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға әсері / К. Бодаухан, Д.Женсхан, А.Ж. Жолмуханова // Проблемы агрорынка.-2022.–№4. -Б.197-206.

11. Сайт Бюро нaционaльной стaтистики Агентствa по стрaтегическому плaнированию и реформaм Республики Кaзахстaн [Электронный ресурс].- 2022.- URL: https://www.stat.gov.kz/ (дата обращения: 15.02.2023).

12. Акимбековa, Г.У. Стрaтегические нaпрaвления развития сельскохозяйственной кооперации в АПК Республики Казахстан. Национальный aгрaрный нaучно-обрaзовaтельный центр [Электронный ресурс].-2020.- URL:http://nasec.kz/ru/news/vo-glavu-ugla-razvitie-selskokhozyaystvennoy-kooperacii-v-apk-kazakhstana (дата обращения: 08.04.2023).


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Женсхан Д., Әліпбеки О.Ә., Бодаухан К. Қазақстан Республикасы ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтылуы және табысы мәселелері: кооперацияның рөлі. Аграрлық нарық проблемалары. 2023;(3):202-210. https://doi.org/10.46666/2023-3.2708-9991.20

For citation:


Zhenshan D., Alipbeki O.A., Bodaukhan K. Issues of employment and income of rural residents of the Republic of Kazakhstan: the role of cooperation. Problems of AgriMarket. 2023;(3):202-210. (In Kazakh) https://doi.org/10.46666/2023-3.2708-9991.20

Қараулар: 201


ISSN 1817-728X (Print)
ISSN 2708-9991 (Online)