АӨК сақтандыру жүйесі: артықшылықтары, құрылымы, механизмдері
https://doi.org/10.46666/2022-4.2708-9991.04
Аннотация
Аграрлық өнім, шикізат және азық-түлік нарығы Қазақстан Республикасының экономикасын дамыту үшін маңызды мәнге ие. Оның негізгі мақсаты – азық-түлік қажеттіліктерін қанағаттандыру. Астық, майлы, көкөніс дақылдарын өсіретін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің мүдделерін қолайсыз табиғи жағдайлардың салдарларынан қорғауды өсімдік шаруашылығындағы сақтандыру қызметін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Мақсаты – Қазақстанның өсімдік шаруашылығы саласындағы ерікті сақтандырудың қазіргі заманғы жүйесіне баға беру және оны жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу. Әдістері – статистикалық, өңделген ақпаратты құрылымдау, деректерді себеп-салдарлық және салыстырмалы талдау. Нәтижелері – республикадағы егіс алаңын сақтандыру мөлшерінің өсуі есебінен төтенше жағдайлардан шаруашылық жүргізуші субъектілердің тәуекелдерін азайту агроқұрылымдарды қаржыландыру көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді, ал қосымша ресурстар АӨК-нің тиімді жұмыс істеуіне бағытталатын болады. Елімізде үш жыл ішінде ауыл шаруашылығы дақылдарын егумен қамтылған егістік алқаптарын кеңейту арқылы өсімдік шаруашылығы өнімін өндіруді әртараптандыру жүзеге асырылуда. Шетелдік және отандық тәжірибені зерделеу ерікті сақтандыру қызметтері жүйесіне қазіргі заманғы тәсілдердегі кемшіліктерді анықтауға және оларды қолдану әдістерін жақсарту бойынша ұсыныстар беруге мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта мемлекеттік және жеке сектор Қазақстандағы агросақтандыру нарығын үздіксіз кеңейтуге мүдделі. Аграрлық секторда сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін субсидиялау нормативі өсті, бұл өз кезегінде ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін сақтандыру полисінің құнын төмендетеді және бұл ресурсты одан да қолжетімді етеді. Қорытындылар – ауыл шаруашылығын сақтандырудың қазіргі заманғы тетігінің оң тұстарына мыналарды жатқызуға болады: сақтандыру құнының қолжетімділігі; кепілдендірілген сақтандыру төлемдері; цифрлық технологияларды енгізу; сақтандыру жағдайларын танудың оңайлатылған схемасы. Сонымен қатар, бар тәуекелдердің барлығы сақтандыру қорғанысымен қамтамасыз етілмейтінін атап өткен жөн. Бұл мәселені шешу үшін аграрлық сақтандыру жүйесін одан әрі жетілдіру қажет.
Авторлар туралы
С. Н. СуйеубаеваҚазақстан
Суйеубаева Салтанат Нурболсыновна; экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор; Бизнес және кәсіпкерлік мектебінің қауымдастырылған профессоры
070010 Серикбаев қөш., 19, Өскемен қ.
О. К. Денисова
Қазақстан
Денисова Оксана Касымовна; экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор; Бизнес және кәсіпкерлік мектебінің қауымдастырылған профессоры
070010 Серикбаев қөш., 19, Өскемен қ.
J. Sloniec
Қазақстан
Jolanta Słoniec; Экономика бойынша Ph.D докторы, қауымдастырылған профессор; «Кәсіпорын қызметін ұйымдастыру» кафедрасының меңгерушісі
20-618 Nadbystrzycka қөш., 38D, Люблин қ.
Әдебиет тізімі
1. Закон Республики Казахстан «О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий» от 8 июля 2005 года No66. Электронный ресурс].-2005.-URL: https://www.adilet.zan.kz/rus/docs/Z050000066 (дата обращения: 07.09.2022).
2. Национальный проект по развитию агропромышленного комплекса Республики Казахстан на 2021-2025 годы Электронный ресурс].2021.URL: https://www.adilet.zan.kz/rus/docs/P2100000732 (дата обращения: 07.09.2022).
3. Правила субсидирования страховых премий, утвержденные приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 19 мая 2020 года No172 Электронный ресурс].-2020.-URL: https://www.online.zakon.kz/Document/?doc_id=32598514 (дата обращения: 17.08.2022).
4. Правила разработки и утверждения страховых продуктов, утвержденные Министром сельского хозяйства Республики Казахстан от 14 мая 2020 года No170 Электронный ресурс].2020.URL: https://www.online.zakon.kz/Document/?doc_id=39203635 (дата обращения: 17.08.2022).
5. Mahul, O., Stutley, Ch. J. Government Support to Agricultural Insurance: Challenges and Options for Developing Countries. World Bank [Electronic resource].– 2010.URL: https://www.openknowledge.worldbank.org/handle/10986/2432 (date of access: 07.09.2022).
6. Agricultural Policy Monitoring and Evaluation 2013: OECD Countries and Emerging Economies. – is the online library of te Organisation for Economic Cooperation and Development: OECD Publishing, 2013. – 34 p.
7. Niklas Möhringa, Tobias Dalhausb, Geoffroy Enjolrasc, Robert Fingera. Crop insurance and pesticide use in European agriculture [Electronic resource].–2020.URL: https://www.sciencedirect.com/science/article/pii/S0308521X20307630 (date of access: 07.09.2022).
8. Лукичева, Е.А. Агрострахование: мировой опыт Электронный ресурс].2019.URL: https://www.agri-news.ru/zhurnal/2019/32019/agrostraxovanie-mirovoj-opyit (дата обращения: 07.09.2022) .
9. Enjolras, G., Capitanio, F., Adinolfi, F. The demand for crop insurance: combined approaches for France and Italy. Agricultural Economics Review [Electronic resource] .-2012.URL: https://www.ageconsearch.umn.edu/record/253490 (date of access: 07.09.2022).
10. Pawłowska-Tyszko, J., Soliwoda, M. Agricultural insurance vs. economic and financial sustainability of farms. Prace Naukowe Uniwersytetu Ekonomicznego we Wroclawiu [Electronic resource].2017.URL: https://www.researchgate.net/publication/323011201_Agricultural_insurance_vs_economic_and_financial_sustainability_of_farms (date of access: 07. 09.2022).
11. Верезубова, Т.А., Мухитбекова, А.М. Сравнительный анализ моделей агрострахования в Беларуси и Казахстане // Проблемы агрорынка.2018.N3 . – С. 141-148.
12. Официальные данные Цифровой платформы для бизнеса Qoldau.kz раздела AgroInsurance [Электронный ресурс].-2020.URL: https://www.agro-insurance.qoldau.kz/ru/insurance-product (дата обращения: 07.09.2022).
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Суйеубаева С.Н., Денисова О.К., Sloniec J. АӨК сақтандыру жүйесі: артықшылықтары, құрылымы, механизмдері. Аграрлық нарық проблемалары. 2022;(4):43-50. https://doi.org/10.46666/2022-4.2708-9991.04
For citation:
Suieubayeva S.N., Denissova O., Sloniec J. The insurance system in AIC: advantages, structure, mechanisms. Problems of AgriMarket. 2022;(4):43-50. https://doi.org/10.46666/2022-4.2708-9991.04