Preview

Мақалаларды қабылдау

Мақалаларды жіберу

Сізде Аграрлық нарық проблемалары журналына арналған логиніңіз бар ма?
Логин

Логин керек пе?
Тіркелу

Егер сіз тіркеліп, өз аккаунтыңызға кірсеңіз, Сіз мақаланы жіберу процесін бастай аласыз. Ол үшін Автор рөлін таңдау керек.

Мақаланы жіберу
 

Авторларға арналған ережелер

Авторларға арналған ережелер

 

Журналға материалдарды жариялау Elpub онлайн-жіберу және рецензиялау жүйесін қолдану арқылы жүзеге асырылады. Тіркеу және авторизация «Мақалаларды жіберу» бөлімінде қол жетімді болады.  

Автор-корреспондент журналда жариялау үшін ілеспе хатты ұсынуы қажет.

«Аграрлық нарық проблемалары» журналында мақалаларды жариялауға дайындық кезінде келесі ережелерді басшылыққа алу керек.

 

Мақалаларды жариялаудың негізгі критерийлері

  • Журналдыңжиілігі - жылына4рет.Журналдыңбірсанындаавтор бірлескен авторлықтықоса алғанда, бірмақаладанартық жариялай алмайды.
  • Қазақ,орысжәнеағылшынтілдеріндебұрынбаспажәне/немесеэлектрондықтүрдежарияланбағанмақалалар қабылданады.
  • Журналғамақалалардыңкелесітүрлеріқабылданады:

Ғылыми зерттеу – мәселенің тұжырымын, осы зерттеу қажеттілігінің негіздемесін қамтиды, дәйекті, ғылыми, логикалық және интегралды тұжырымдары бар және негізділігі бар.

Теориялық - мақала әдебиеттерге және қолданыстағы теорияларға, мәселе бойынша тұжырымдамаларға шолу негізінде жазылады. Оларға автор нақты сұрақтарды егжей-тегжейлі зерттеуге шоғырланған, заңдылықтарды жүйелейтін және анықтайтын жұмыстар жатады.

Шолу мақалалары - проблема бойынша қолда бар әдебиеттерді талдауды қамтиды және міндетті түрде шетелдік дереккөздердің кемінде 50% -. қамтитын әдебиеттер тізіміне ие болуы керек.

Аналитикалық – бұл мәселені немесе тапсырманы терең және жан-жақты талдауды қамтиды. Автор материалдарды зерттейді, жалпылайды, белгілі бір ұқсас белгілер мен қатынастарды анықтайды.

 

  • Магистранттардың ғылыми еңбектеріғылымдокторыменнемесекандидатымен,сондай-ақ РhD-мен бірлесіп жазған жағдайдағанажариялануымүмкін.
  • Барлықғылымимақалаларредакциялықалқаныңқұрамынакірмейтін, мақаланыңтақырыбынанеғұрлымжақынғылымимамандануыбартәуелсізрецензенттер–ғалымдарнемесемамандар тарапынан мақаланы көрмейрецензиялауғажатады.Рецензиялаунәтижелерібойыншамақалаавторғатолықтыру үшін жіберілуімүмкін.
  • Мақаланың редакцияға түскен күні оныңсоңғынұсқасынқабылдаған күні болып есептеледі.
  • Редакциямәтінгемақаланыңмағынасынбұрмаламайтынредакциялықөзгерістеренгізуқұқығынөзінеқалдырады.
  • АвторларМІНДЕТТІтүрде elpub онлайн-жіберужәнерецензиялаужүйесіндегіілеспехаттажіберілетінмақала/қолжазбабұрынеш жерде жарияланбағанынжәнемақаладаоларғасілтемелерсізбасқажұмыстарданалынғанмәтінүзінділеріжоқекенінкөрсетуікерек.

 

IMRAD (ИМРАД) сәйкес ғылыми мақаланың құрылымы:

  1. Титулдық беті (ҒТАМР, ӘОЖ, Мақаланың атауы, автордың (лардың) ТАӘ,
  2. Үш тілдегі (қазақ, орыс, ағылшын) құрылымдық аңдатпа,
  3. Сөздерден/сөз тіркестерінен тұратын үш тілдегі (қазақ, орыс, ағылшын) түйін сөздер,
  4. Кіріспе
  5. Әдебиеттерге шолу
  6. Материалдар мен әдістері
  7. Нәтижелері
  8. Талқылау
  9. Қорытынды
  10. Авторлардың қосқан үлесітуралыақпарат(егерқолжазбабірлесіпжазылған болса)
  11. Мүдделерқақтығысы
  12. Қаржыландырутуралыақпарат(барболса)
  13. Әдебиеттер тізімі
  14. Авторлар туралы ақпараттар

 

Автордың(лардың) дербес деректерінде жұлдызшамен (*) негізгі автор (автор корреспондент) белгіленеді.

Автордың (лардың) аты-жөні әрқайсысының жұмыс орнымен индекстеледі. Мысалы:

Д.А. КАЛДИЯРОВ1*, Ж.К. КАЛЫМБЕКОВА2 К.Б. ЖУМАНАЗАРОВ3       

Автордың (лардың) жұмыс орны: 1І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Талдықорған, Қазақстан, 2аль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан, 3Технология және бизнес Қазақ университеті, Астана, Қазақстан, *автордың электрондық поштасы: 77da@bk.ru

Мақаланы рәсімдеу тәртібі

(кәсіби терминдерді ескере отырып, мәтінді ағылшын тіліне сапалы аудару, интернеттен автоматты түрде аударуға тыйым салынады).

Қолжазбаның жоғарғы сол жақ бұрышында автор(лар) көрсетеді:

ҒТАМР - электрондықкаталогтағықұжаттардыжүйелеуүшінқолданылатынғылыми-техникалықақпараттың мемлекетаралық рубрикаторы. ҒТАМР негізінде  өзтақырыбы бойынша сайттан https://www.grnti.ru анықтауғаболады

ӘОЖ - бүкіл әлемде ғылым, әдебиет және өнер туындыларын, мерзімді басып шығаруды және т.б. жүйелеу үшін қолданылатын ақпараттың әмбебап ондық жіктеу жүйесіне негізделген (қараңыз https://www.teacode.com)

Мақаланың атауы үш тілде 12 сөзден тұратын, ортасында - бірінші қолжазбаның негізгі тілінде, содан кейін ағылшын, орыс (егер мақала қазақ тілінде болса), қазақ, ағылшын (егер мақала орыс тілінде болса), қазақ және орыс (егер мақала ағылшын тілінде болса), тік, қою қаріппен, бас әріптермен жазылады.

Мақаланың тақырыбы зерттеу тақырыбын және оның мазмұнын көрсетуі керек, қысқа, сыйымды, нақты және ғылыми стильде жазылуы керек. Егер зерттеу нысаны көрсетілсе, оны қос нүкте немесе жақша арқылы нақтылау керек. Қысқартулар тек жалпы қабылданған және танымал болуы керек.

Автор(лар). Мақаланың атауынан кейін автордың (лардың) аты, әкесінің аты (инициалы), тегі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, ұйымның немесе мекеменің атауы (атау септігінде көрсетіледі, бұл ретте атауы толық, қысқартусыз болуы тиіс), қаласы, елі (индекстеуді ескере отырып) көрсетілуі тиіс. Егер бірнеше автор болса, мақалада олардың аталу ретін, әдетте, зерттеуге қосқан үлесіне қарай өздері шешеді және оның мазмұнына толық жауапкершілік алады. Авторлар саны-3-тен аспауы керек.

Д.А. КАЛДИЯРОВ1*

э.ғ.д., профессор

Ж.К. КАЛЫМБЕКОВА2

менеджмент ғылымының магистрі

К.Б. ЖУМАНАЗАРОВ3

э.ғ.к., қауымдастырылған профессор

1І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Талдықорған, Қазақстан,

2аль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан,

3Технология және бизнес Қазақ университеті, Астана, Қазақстан, *автордың электрондық поштасы: 77da@bk.ru

 

Бір ұйымнан екі автор болса

Д.З. АЙГУЖИНОВА1*

э.ғ.к., қауымдастырылған профессор

Ж. К. АЛТАЙБАЕВА 1

э.ғ.к.

Ш.Е. МУТАЛЛЯПОВА2

э.ғ.к., доцент

Торайғыров университеті, Павлодар, Қазақстан

2 С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, Астана, Қазақстан

* автордың электрондық поштасы: dinara.aiguzhinova@mail.ru

 

Аңдатпа (190-250 сөзден) үш тілде – біріншісі мақала баспа тілінде, содан кейін қазақ және/немесе орыс және/немесе ағылшын тілдерінде (қолжазбаның негізгі тіліне байланысты) (Аннотация. Abstract); мақаланың қысқаша мазмұнын, оның мәнін, зерттеудің жалпы тақырыбын, мәселенің, объектінің қысқаша сипаттамасын көрсетуі, мақаланың құрылымын – мақсаты өзектілігі мен қойылған міндеттерді ескере отырып, зерттеу әдістерін, нәтижелерін, қорытындысын сақтауы тиіс.

Түйінді сөздер (12-14 сөздер/сөз тіркестері үш тілде) (Ключевые слова. Keywords) мақаланың негізгі мазмұны көрсетілуі керек, тақырыптық саланы анықтайтын терминдер қолданылуы тиіс, тақырып пен аңдатпа терминдерін қайталамаған жөн.

Кіріспе (Введение. Introduction). Кіріспеде зерттеу тақырыбының өзектілігі, оның мақсаттары мен міндеттері, тақырыптың ғылыми даму дәрежесі, жұмыстың теориялық және практикалық маңыздылығы ашылады, Алынған материалдарға талдау жасалып, мақалада қарастырылған мәселелерге әдістемелік тәсілдің орындылығы дәлелденеді.

Әдебиетке шолу (Литературный обзор, Literature review)   бұл пайдаланылған әдебиеттерді талдау, негізгі идеяларды, тенденцияларды тұжырымдау, зерттеу бағытын, оның теориялық базасын таңдауды негіздеу үшін материалды пайдалану, тақырыптың пысықталуын бағалау.

Материалдар  және әдістері   (Материалы и методы, Material and methods) қысқаша және нақты түрде сипатталады. Бөлімде зерттеу шарттарының сипаттамасы және оларды жүргізу кезінде қолданылатын барлық әдістер ұсынылуы керек, олардың мәні, қолданылуы және негізделген таңдауы көрсетілуі керек.

Нәтижелері (Результаты, Results). Бөлімде зерттеудің негізгі нәтижелері, нақты деректер иллюстрациялармен толықтырылған мәтінді пайдалана отырып объективті, жүйеленген және қысқаша ұсынылуы тиіс. Автор(лар) зерттеудің маңыздылығын немесе жаңалығын көрсетеді, анықталған заңдылықтарға назар аударады, нақты ұсыныстар береді.

Талқылау (Обсуждение, Discussion) алынған материалды түсіндіру және оны жалпылау, алдыңғы зерттеулермен және қолданыстағы теориялармен байланыс, нәтижелерді практикалық қолдану бойынша ұсыныстар және одан әрі ғылыми жұмыс үшін ұсыныстар беру.

Қорытынды (Заключение. Conclusions) қысқа және мазмұнды түрде ұсынылады. Бұл бөлімде алынған нәтижелер мен олардың жаңалығы тұжырымдалады. Берілетін ұсыныстар  зерттеудің мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуді растауы керек. Алынған нәтижелерді практикада қолдану мүмкіндігін көрсетіп, одан әрі ғылыми зерттеулердің бағыттарын ұсыну қажет. Бұл бөлімде әдебиет көздеріне сілтемелер туралы айтылмайды.

Автолардың үлесі (Вклад авторов, Authors' contribution). Әр автордың мақаланы жазудағы жеке үлесі қысқаша сипатталады (идея, жинақтау, зерттеу нәтижелерін талдау немесе түсіндіру, материалды өңдеу, мәтінді жазу, ғылыми редакциялау, мақаланың соңғы нұсқасын жариялауға бекіту және т.б.). Сілтеме CRediT authorship contribution statement https://www. elsevier.com/researcher/author/policies-and-guidelines/credit-author-statement

Мүдделер қақтығысы (Конфликт интересов, Conflict of interests) авторлар мақаланы жариялауға байланысты айқын және ықтимал мүдделер қақтығысының жоқтығын жариялайды. Мысалы, «Авторлар мүдделер қақтығысы жоқ деп мәлімдейді». Егер мүдделер қақтығысы мүмкін болса, онда түсіндіру қажет, http://pleiades.online/ru/authors/guidlines/ethics-statements/ қараңыз.

Мақала мәтінінің соңында библиографиялық тізімдердің алдында бір жолға алғыс сөздер мен қаржыландыру көзі (Источники финансирования, Source of financing) жазылады, онда ғылыми зерттеулерді қаржылық қамтамасыз ету туралы мәліметтер бар (мақсатты, тақырып атауын көрсете отырып гранттық қаржыландыру, жоба коды, № Мемлекеттік тіркеу), соның арқасында осы зерттеу жүргізіліп, жарияланады.

Бөлімдердің атаулары азат жолдан бастап, қою қаріппен жазылады (Кіріспе, Әдебиеттерге шолу, Материал және әдістер, Нәтижелер, Талқылау, Қорытынды, Авторлар үлесі, Мүдделер қақтығысы, Қаржыландыру көзі).

Әрі қарай әдебиеттер тізімі беріледі. Мақала мәтінінде пайдаланылған әдебиеттер көздеріне сілтемелер міндетті түрде жасалу қажет (төменде қараңыз). Әдебиет көздері тік жақшада азат жолдан нүктесіз, нөмірлерлерін белгілей отырып, мәтінде келтірілген жұмыстарды еске түсіре отырып, ресімделеді. Әдебиет көздерінің соңында ДОИ (бар болса) көрсетіледі.


Әдебиеттер тізімінде кириллицада ұсынылған жұмыстар болса, әдебиеттер тізімін екі нұсқада беру қажет: біріншісі – түпнұсқада, екіншісі – римдік алфавитте (транслитерация – ұсынылатын тегін сайт https://www. translit.ru).

Римдік алфавиттегі әдебиеттер тізімі келесідей: автор (лар) (ағылшын тілі) → (жыл жақша ішінде) → транслитерацияланған нұсқадағы мақаланың атауы [мақала атауының ағылшын тіліне аудармасы тік жақшада], орыс тіліндегі дереккөздің атауы (транслитерация және ағылшын атауы), ағылшын тіліндегі белгілері бар шығыс деректерімен болуы керек.

Ескерту:

Орыс тілінен латын тіліне аудару / Онлайн конвертер https://www.translit.ru   

Қазақ тілінен латын әліпбиіне көшіру/Онлайн конвертер https://www.qazlat.kz

Әдебиеттер тізімі (Список литературы, References) сілтемелер тізбегімен мәтін бойынша және Мемлекетаралық стандартына сәйкес ГОСТ 7.1–2003 «Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Құрастыру ережелеріне қойылатын жалпы талаптар» (Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық Кеңеспен қабылданған). Әдебиеттер тізімін транслитерациялау кезінде академиялық жұмыстарды рәсімдеудің APA Style әдісі қолданылады. Пайдаланылған әдебиеттерді рәсімдеу стандартына сілтеме References https:// apastyle.apa.org/style-grammar-guidelines/references/examples/journal-article-references. Әдебиеттер тізімі кемінде 15 дереккөзден тұруы керек, оның 50%-ы халықаралық деректер қорынан, оның ішінде Scopus және Web of Science деректер қорынан және/немесе соңғы 5-6 жылдағы ағылшын тіліндегі шетелдік әдебиеттерден ашық қолжетімді басылымдардан болуы керек; кітаптар, брошюралар, журнал мақалалары, интернет - дереккөздерін құрауы тиіс. Өзінің еңбектерінен дәйек келтіру - 20%-дан аспауы керек.

Библиографиялық мәліметтердің дұрыстығына авторлар жауапты болады.

Мысал ретінде ең көп таралған сипаттамалар келтіріледі – мақалалар, кітаптар, конференция материалдары, қашықтағы қол жетімді электрондық ресурстар.

       МЫСАЛЫ: 

Мерзімді басылымдағы мақаланың сипаттамасының мысалы

Орыс тіліндеКалиев, Г.А. Социальное развитие сельских территорий Республики Казахстан / Г.А. Калиев, Ч.У. Акимбекова // Проблемы агрорынка.- 2019.-№2.- C. 27-33. ДОИ (при наличии).

Транслитерация және ағылшын тіліне аударма: Kaliev, G.A., Akimbekova, Ch.U. (2019). Social'noe razvitie sel'skih territorij Respubliki Kazahstan [Social development of rural areas of the Republic of Kazakhstan]. Problemy agrorynka -Problems of Agrimarket, (2), 27-33. ДОИ (бар болса) [in Russian].

Мерзімді басылымдағы мақаланың сипаттамасының мысалы

Қазақ тілінде: Әбдіқадырова, А. Ауыл шаруашылығы өндірістік инфрақұрылымының жұмыс істеуінің шетелдік тәжірибесі / А. Әбдіқадырова, Ж. Дулатбекова // Аграрлық нарық проблемалары.- 2019.- №2. – Б.101-103. ДОИ (бар болса).

Транслитерация және ағылшын тіліне аударма: Äbdıqadyrova, A., Dulatbekova, Zh. (2019). Auyl şaruaşylyğy öndırıstık infraqūrylymynyƞ jūmys ısteuınıƞ şeteldık täjıribesi [Foreign experience in operating the infrastructure of agricultural production]. Agrarlyq naryq problemalary - Problems of Agrimarket, (2), 101-103. ДОИ (бар болса) [in Kazakh].   

Мерзімді басылымдағы мақаланың сипаттамасының мысалы

Ағылшын тілінде: Minviel, J.J. Effect of public subsidies on farm technical efficiency: a meta-analysis of empirical results / J.J. Minviel, L. Latruffe // Applied Economics. - 2019. - Vol. 49. - n. 2. - P. 213–226. ДОИ (бар болса).

Ағылшын тілінде

References: Minviel, J.J., Latruffe, L. (2019). Effect of public subsidies on farm technical efficiency: a meta-analysis of empirical results. Applied Economics, 49 (2), 213–226. ДОИ (бар болса) [in English].

Кітап сипаттамасының мысалы:

Орыс тілінде: Ломакин, А.А. Устойчивое развитие сельских территорий как направление стратегии их функционирования /А.А.Ломакин, М.Ю. Федотова. – Пенза: Пензенский гос. университет, 2019. – 240с. ДОИ (бар болса).

Транслитерация және ағылшын тіліне аударма: Lomakin, A.A., Fedotova, M.Yu (2019). Ustojchivoe razvitie sel'skih territorij kak napravlenie strategii ih funkcionirovanija [Sustainable development of rural areas as a direction of their functioning strategy]. Penza: Penzenskij gos.universitet, 240p. ДОИ (бар болса) [in Russian].

Конференция материалдарының сипаттамасының мысалы:

Орыс тілінде: Кожина К.С., Кудрявцева Т.Ю. Анализ сущности понятий цифровой экономики // Цифровая экономика, умные инновации и технологии: Материалы Междунар. науч.-практ. конф., Санкт-Петербург, Россия, 18-20 апреля 2021г. /организатор конференции / СПб.: Политех-пресс, 2021.-С.84-87. ДОИ

Транслитерация және ағылшын тіліне аударма: Kozhina K.S., Kudryavtseva T.Yu. (2021). Analiz sushhnosti ponjatij cifrovoj jekonomiki [Analysis of the essence of digital economy concepts] //Digital economy, smart innovation and technology. Materialy Mezhdunar. nauch.-prakt. konf.- Materials of the International scientific-practical conference. Saint Petersburg, 2021, P. 84-87. ДОИ [in Russian].

Электрондық журналдағы мақаланың сипаттамасының мысалы:

Ағылшын тілінде: Ndhlovu, E.  Agritourism and sustainability: A global bibliometric analysis of the state of research and dominant issues / E. Ndhlovu, K. Dube // Journal of Outdoor Recreation and Tourism.-2024.-Vol.46.- 100746. https://doi.org/ 10.1016/j.jort.2024.100746.

References: Ndhlovu E., Dube K. (2024). Agritourism and   sustainability:           A global bibliometric analysis of the state of research and dominant issues.  Journal of Outdoor Recreation and Tourism, 46, 100746. https://doi.org/ 10.1016/j.jort.2024.100746 [in English].

Интернет ресурстарының сипаттамасының мысалы:

Орыс тілінде: Кекчебаев, Э., Жакупова, Г., Акишева, Л.  Маркетинговые исследования сельского хозяйства Казахстана. Анализ инвестиционной привлекательности рынка [Электронный ресурс]. - 2021.- URL: https://www. marketingcenter.kz/20/rynok-selskoe-khoziaistvo-kazakhstan.html (дата обраще-ния: 14.11.2021).

Орыс тіліндегі нұсқаның транслитерациясы және ағылшын тіліне аудармасы: Kekchebaev, E., Zhakupova, G., Akisheva, L. (2021). Marketingovye issledovanija sel'skogo hozjajstva Kazahstana. Analiz investicionnoj privlekatel'nosti rynka [Marketing research of agriculture in Kazakhstan. Analysis of the investment attractiveness of the market]. Available at: https://www.marketingcenter.kz/20/rynok-selskoe-khoziaistvo-kazakhstan.html (date of access: 14.11.2021) [in Russian].

Мақаланың соңында әдебиеттер тізімінен кейін кеңейтілген библиографиялық деректерді көрсету қажет.

Авторлар туралы мәліметтер қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде (егер мақала қазақ тілінде болса), орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде (егер мақала орыс тілінде болса), ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде (егер мақала ағылшын тілінде болса) - ғылыми дәрежесі, атағы (бар болса), лауазымы, аффилиациясы (ұйымның атауы), мекенжайы, индексін қоса алғанда, қаланың, елдің атауы, барлық жарияланым авторларының (e-mail), ORCID (оның ішінде әрбір бапта негізгі авторды (корреспондентті) көрсете отырып) электрондық мекенжайлары жол бойына жазылады.

Мысал

Авторлар туралы мәліметтер:

Калдияров Данияр Алтаевич; экономика ғылымдарының докторы, профессор; ректор Басқарма Төрағасы аппаратының басшысы, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті; 040009 Тәуелсіздік көшесі, 187а, Талдықорған қ., Қазақстан; e-mail: 77da@bk.ru; https://orcid.org/0000-0002-0181-2962

бірлескен авторлар

Авторлар туралы мәліметтер:

Калдияров Данияр Алтаевич; экономика ғылымдарының докторы, профессор; ректор Басқарма Төрағасы аппаратының басшысы; Жансүгіров атындағы Жетісу университеті; 040009 Тәуелсіздік көш., 187а, Талдықорған қ., Қазақстан; e-mail: 77da@bk.ru; https://orcid.org/0000- 0002-0181-2962

бірлескен авторлар

Information about authors:

Kaldiyarov Daniyar Altayevich; Doctor of Economic Sciences, Professor; Head of the Office of Chairman of the Board of the Rector; I. Zhansugurov Zhetysu University; 040009 Tauelsizdik str., 187a, Taldykorgan, Kazakhstan; e-mail: 77da@bk.ru; https://orcid.org/0000- 0002-0181-2962

co-authors

 

Мақаланың техникалық сипаттамалары

Мақаланың көлемі аңдатпаны, түйінді сөздерді, кестелерді, суреттерді, әдебиеттер тізімін қоса алғанда 15 беттен кем емес баспа мәтіні болуы керек. Мақала беттері нөмірленуі керек, Microsoft Word бағдарламасындағы мәтін Times New Roman қаріпі, қаріп өлшемі 14, жол аралығы – бір интервал. Тасымалдаудың автоматты орналасуымен ені бойынша туралау. Азат жол шегінісі - 0.75 см. Жоғарғы және төменгі жиектер - 2 см, сол жақта 3 см, оң жақта - 1,5 см болуы керек.

Кестелер

  • MicrosoftWordбағдарламасында,Arial қаріпінде, 10қаріпөлшемінде көрсетілуі керек.
  • Мәтіндегібарлықкестелергесілтемелерболуыкерек(кесте 1).
  • Кестелердінөмірлеу ретімен болады.
  • Кестеатауы азат жолдық шегініссіз сол жағынатураланады.
  • Әрбір кестенің астында деректер көздеріне сілтемесі бар «Ескерту» орналастырылуы керек. Кесте атауынан кейін нүкте қойылмайды.
  • Альбомдық бағдары бар кестелер ұсынылмайды.
  • Үлгі: Кесте 1 – Кесте атауы.

Суреттер

  • СуреттердіөңдеумүмкіндігіүшінMicrosoftWordбағдарламасындаұсынылуыкерек.
  • Мәтіндегібарлықграфикалықматериалдарғасілтемежасалады(Сурет 1).
  • Мақаланыңмәтінібойыншасызбалардың ретті нөмірленуіқолданылады.
  • Arial қаріпі, қаріп өлшемі 10.
  • Азат жолдансуреттіңастындадеректеркөздерінжәнебасқа да қажеттімәліметтердінемесетүсіндірмелерді көрсете отырып, «Ескерту»орналастырылады.
  • Суреттіңатауы «Ескертуден»кейінорналастырылады, ортасына тураланады.Суреттіңатауынанкейіннүктеқойылмайды.
  • Альбомдық бағдары бар суреттер ұсынылмайды.
  • Графикалықматериалмәтіндебіріншіретайтылғаннанкейінорналастырылады.
  • Үлгі: Сурет 1 – Суреттің атауы

▲ Кестелер мен суреттердің жалпы саны 5-тен аспауы керек.

  • Кестелерменсызбаларартықақпаратпен шамадан тыс жүктелмеуікерек,көлемі бойынша шағын,нақтыбезендірілген болуы керек.

Формулалар

  • MachType (Microsoft Equation) формула редакторында немесе Microsoft Word бағдарламасында формула редакторы арқылы теріледі (кірістіру → таңба) және мақала бойы бір стильде орындалуы керек. Формулалар оң жақ шетінде нөмірленуі керек.
  • Формулаларсаныназайтукерек
  • Үлгі: формула……………………(1)

!!!! Кестелерді, суреттерді, формулаларды сканерлеуге болмайды

 

▲ Барлық аббревиатуралар мен қысқартулар мәтінде бірінші рет айтылған кезде ашылып жазылуы керек.

 

Мақаланы рәсімдеу мысалы

ҒТАМР 06.71.07

ӘОЖ  332.02

 

ЦИФРОВАЯ ИННОВАЦИОННАЯ ЭКОСИСТЕМА ГРОПРОМЫШЛЕННОГО КОМПЛЕКСА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН: ОБЗОР ПРЕДМЕТНОЙ ОБЛАСТИ

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНІНІҢ ЦИФРЛЫҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЭКОЖҮЙЕСІ: ПӘНДІК САЛАСЫНА ШОЛУ

 

DIGITAL INNOVATION ECOSYSTEM OF THE AGRO-INDUSTRIAL COMPLEX OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN: OVERVIEW OF THE SUBJECT AREA

   

Д.А. КАЛДИЯРОВ1*

д.э.н., профессор

Ж.К. КАЛЫМБЕКОВА2

магистр менеджмента

К.Б. ЖУМАНАЗАРОВ3

к.э.н., ассоциированный профессор

1Жетысуский университет им. И. Жансугурова, Талдыкорган, Казахстан

2Казахский национальный университет им. аль-Фараби,

Алматы, Казахстан

3Казахский университет технологии и бизнеса, Астана, Казахстан

*электронная почта автора: 77da@bk.ru

Д.А. КАЛДИЯРОВ1*

э.ғ.д., профессор

Ж.К. КАЛЫМБЕКОВА2

менеджмент магистрі

Қ.Б. ЖҰМАНАЗАРОВ3

э.ғ.к., қауымдастырылған профессор

1І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Талдықорған, Қазақстан

2Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

3Казақ технология және бизнес университеті, Астана қ., Казақстан

*автордың электрондық поштасы: 77da@bk.ru

                                                 D.A. KALDIYAROV 1*

Dr.E.Sc., Professor

Z.K. KALYMBEKOVA2

Master of Management

  1. B. ZHUMANAZAROV 3

                                              C.E.Sc., Associate Professor

1I. Zhansugurova Zhetysu University, Taldykorgan, Kazakhstan

2Al-Farabi Kazakh National University, Almaty, Kazakhstan

3Kazakh University of Technology and Business, Astana, Kazakhstan

*corresponding author e-mail: 77da@bk.ru

 Аннотация. Цель – исследование понятийного аппарата инновационной экосистемы агропромышленного комплекса (далее АПК) и разработка рекомендаций по корректировке некоторых терминов…. Методы – диалектический, абстрактно-логический, сравнительный. Результаты – представлены краткий обзор реализации государственной политики цифровизации, анализ национального законодательства на предмет урегулирования процесса цифровизации в аграрном секторе… Выводы – авторы констатируют необходимость внесения изменений и дополнений в законодательство Республики Казахстан в части цифровизации агропромышленного комплекса, закрепления понятий «цифровизация агропромышленного комплекса» и «инновационная экосистема агропромышленного комплекса»….

Аңдатпа. Ұсынылған ғылыми мақаланың мақсаты агроөнеркәсіптік кешеннің (бұдан әрі – АӨК) инновациялық экожүйесінің тұжырымдамалық аппаратын зерттеу және кейбір терминдерді түзету бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады... Әдістері – диалектикалық, абстрактілі-логикалық, салыстырмалы. Нәтижелері – мемлекеттік цифрландыру саясатын іске асыруға қысқаша шолу, аграрлық сектордағы цифрландыру процесін реттеу тұрғысынан ұлттық заңнаманы талдау ұсынылды... Қорытындылар - авторлар агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру бөлігінде Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігін айтады. Сонымен қатар, «инновация», «инновациялық экожүйе» анықтамалары түзетілді...

Abstract. Aim of the given scientific article is to study the conceptual apparatus of the innovative ecosystem of the agro-industrial complex (hereinafter referred to as AIC) and develop recommendations for correcting some terms… Methods – dialectical, abstract-logical, comparative. Results – a brief overview of the implementation of the state policy of digitalization, an analysis of national legislation with a view to regulating the process of digitalization in the agricultural sector are presented… Conclusions – the authors state the need for amendments and additions to the legislation of the Republic of Kazakhstan in terms of digitalization of the agro-industrial complex, fixing the concepts of «digitalization of the agro-industrial complex» and «innovative ecosystem of the agro-industrial complex»…

Ключевые слова: агропромышленный комплекс, инновационные технологии, инновационная экосистема…

Түйінді сөздер: агроөнеркәсіптік кешен, инновациялық технологиялар, инновациялық экожүйе…

Keywords: agro-industrial production, innovative technologies, innovative ecosystem…

       

Кіріспе

Қазақстан – экономика мен басқарудың барлық салаларын цифрландыру, мемлекеттік бағдарламалық құжаттарда көрсетілгендей өз дамуының маңызды кезеңінде тұр. Қазіргі уақытта елдің ауыл шаруашылығы осы үрдістің басында тұр..... мақала мәтіні

Әдебиеттерге шолу

Экономикалық теорияда АӨК инновациялық экожүйесінің тұжырымдамалық аппаратына өте аз көңіл бөлінген. Негізінен ғылыми мақалалар деңгейінде аграрлық өндірісті цифрландырудың жалпы мәселелері қарастырылады (Narynbayeva A.S., Ryskeldi O., Shelomentseva V.P.; Suieubayeva S.N., Gola A., Zakimova A.M.) [1-2]. Аграрлық өндірісті цифрландыру мәселелері аграрлық өндірісті дамыту үшін басым және перспективалы болып табылады (Султанова Г.Т.) [3].

«Инновация» ұғымына ғылыми көзқарастар көп қырлылығымен ерекшеленеді: жаңа тауарлар (құру); жаңа нарықтар (игеру); жаңа технологиялар (пайдалану); шикізаттың жаңа көздері (ашу); жаңа өндірістер (ұйымдастыру) (Самолдин А.Н.) [4].

Қазіргі уақытта инновацияға қатысты көбінесе осы ұйымдық құрылымдар үшін жаңа өнімдер болып табылатын, компаниялардың өнімдері мен өндірістік үрдістерін құру және енгізу туралы сөз болады. Сәйкесінше, экономика теориясында материалдық деп аталатындар ерекшеленеді, кейбір авторлар оны өнімдік тәсіл (Пантелеева и.И.) [5] және процессуалдық (немесе процестік) тәсілдер (Названова К. В.) [6] деп атайды... мақала мәтіні

Материалдар және әдістер

Зерттеу барысында қазіргі уақытта белсенді қолданылатын және түсіндіруді, олардың авторлық анықтамаларын әзірлеуді қажет ететін экономикалық теория мен заңнамада көрініс таппаған ұғымдар анықталды.... мақала мәтіні. "Агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру", "АӨК инновациялық экожүйесі" ұғымдарының негізгі элементтерін сәйкестендіру, салыстыру үшін диалектикалық, дерексіз-логикалық, салыстырмалы әдістері қолданылды, белгілі ғалым-экономистер мен заңгерлермен сұхбаттасу әдісі үшін.... мақала мәтіні.

Нәтижелері

«Инновациялық экожүйе» ұғымы екі негізгі терминді қамтиды: «инновация» және «экожүйе», олардың әрқайсысын түсіну өте күрделі, өйткені оның әртүрлі түсіндірмелері бар. «Инновация» ұғымына ғылыми көзқарастар көп қырлылығымен ерекшеленеді: жаңа тауарларды (құру); жаңа нарықтарды (игеру); жаңа технологияларды (пайдалану); жаңа шикізат көздерін (ашу); жаңа өндірістерді (ұйымдастыру)..... мақала мәтіні.

Талқылау

Алғаш рет «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында бекітілген «цифрландыру» ұғымы бизнес-модельді құру және/немесе өзгерту және құндылық туғызатын жаңа кірістер мен мүмкіндіктер алу үшін цифрлық технологияларды қолдануды білдіреді. АӨК цифрландырудың негізгі бағыттары.....мақала мәтіні

Қорытынды

  1. Зерттеукөрсеткендей,республикадаАӨК-де жәнежалпыинновациялықпроцестердецифрлықтехнологиялардыпайдаланукезінде «цифрландыру», «агроөнеркәсіптіккешендіцифрландыру», «инновация»және «инновациялықэкожүйе» ұғымдарынайқындаубөлігіндеолқылықтарбар.

2…3…4…5…   мақала мәтіні

Авторлардың қосқан үлесі: Калдияров Данияр Алтаевич: Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін қою, әдістемелік тәсілді негіздеу, зерттеуді және оның барлық кезеңдерін жазу, тәлімгерлік ету, зерттеу нәтижелерінің практикалық іске асырылуы мен тиімділігін растау;

Калымбекова Жанна Калымбековна: зерттеу нәтижелерін түсіндіру, визуализация; Жуманазаров Касымхан Бекбауович: бастапқы деректерді талдау және жинау, зерттеудің теориялық нәтижелерін нақты жағдайларға қою, басылымды редакциялау және пысықтау.

Мүдделер қақтығысы: авторлар мүдделер қақтығысының жоқтығын айтады.

Қаржыландыру көздері: Мақала Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ГҚ (гранттық қаржыландыру) жобасы шеңберінде дайындалды (тақырыптың атауы, жобаның шифры, мемлекеттік тіркеу № көрсетілсін).

Әдебиеттер тізімі. Әдебиет көздерінен кейін мақаланың түпнұсқа тілінде (ағылшын тілінен басқа) References (латын транслитерациясындағы және ағылшын тіліндегі әдебиеттер) келтіріледі. Егер мақала ағылшын тілінде болса, онда бірінші тізімде (References) әдебиет көздері мақаланың түпнұсқа тілінде (ағылшын тілінен басқа) беріледі. Екінші тізімде (References)әдебиеткөздерітекорысжәнеқазақтілдерінде-латынтранслитерациясындажәнеағылшын тілінде болады.

Әр дереккөздің соңында DOI (бар болса) көрсетілуі керек.

Авторлар туралы мәліметтер …………………

Мақаланы дайындау

 

Мақаланы ұсыну үшін авторлар төмендегі тармақтарды растауы керек. Қолжазба авторларға сәйкес келмесе, қайтарылуы мүмкін.

  1. Бұл мақала бұрын жарияланбаған, сонымен қатар басқа журналда қарауға және жариялауға ұсынылмаған. Егер мақала қабылданса, ол басқа жерде ешқандай тілде жарияланбайды.
  2. Жіберілетін мақаланың файлы Microsoft Word құжатының форматында ұсынылады.
  3. Сілтемелер үшін толық интернет мекенжайлары (URL) келтірілген.
  4. Мәтін бір жол аралығымен теріледі; Times New Roman қаріпі, қаріп өлшемі 14 қолданылады; бөлектеу үшін астын сызу емес, курсив қолданылады (интернет мекенжайларын қоспағанда); барлық иллюстрациялар, графиктер мен кестелер құжаттың соңында емес, мәтіндегі тиісті орындарда орналасады.
  5. Мәтін «Журнал туралы» бетінде орналасқан авторларға арналған ережелерде сипатталған стилистикалық және библиографиялық талаптарға сәйкес келеді.
  6. Егер сіз мақаланы рецензияланатын журнал бөліміне жіберетін болсаңыз, онда құжаттың талаптары мақаланы көрмей рецензиялаудықамтамасыз етеді.

 

Авторлық құқық

 

Осы журналда жарияланатын авторлар келесілермен келіседі:

  1. Авторлар жұмысқа авторлық құқықты сақтайды және журналға Creative Commons Attribution License шарттары бойынша жұмысты бірінші рет жариялау құқығын береді, бұл басқаларға осы жұмыстың авторларына және осы журналдағы түпнұсқа басылымға сілтемелерді міндетті түрде сақтай отырып, осы жұмысты таратуға мүмкіндік береді.
  2. Авторлар жұмыстың нұсқасын осы жерде жарияланған түрде ерекше емес таратуға қатысты оның осы журналдағы түпнұсқа басылымына сілтеме жасай отырып, бөлек шарттық келісімдер жасау құқығын сақтайды (мысалы, оны институттық қоймада орналастыру, кітапта жариялау).
  3. Авторлар өз жұмыстарын Интернет желісіне (мысалы, институттық қоймада немесе жеке сайтта) осы журналды қарау процесіне дейін және оның барысында орналастыруға құқылы, өйткені бұл нәтижелі талқылауға және осы жұмысқа көбірек сілтемелер жасауға әкелуі мүмкін (the effect of Open Access бөлімін қараңыз)

 

Құпиялылық

 

Осы журналдың веб-сайтында енгізілген атаулар мен электрондық пошта мекенжайлары тек осы журнал белгілеген мақсаттар үшін пайдаланылады және басқа мақсаттар үшін пайдаланылмайды немесе басқа адамдар мен ұйымдарға берілмейді.

 

Мақалаларды дайындау

Мақаланы ұсыну үшін авторлар келесі тармақтарды растауы тиіс. Қолжазба, егер ол сәйкес келмесе, авторларға қайтарылуы мүмкін.

  1. Бұлмақалабұрынжарияланбаған,соныменқатарбасқажурналдақарауғажәнежариялауғаұсынылмаған.Егермақалақабылданса,олбасқа жерде ешқандай тілдежарияланбайды.

  2. ЖіберілетінмақаланыңфайлыMicrosoftWordқұжатыныңформатындаұсынылады.

  3. Сілтемелер үшін толық интернет мекенжайлары (URL) келтірілген.

  4. Мәтін бір жол аралығымен теріледі; TimesNewRoman қаріпі, қаріпөлшемі14қолданылады; бөлектеу үшін астын сызу емес,курсивқолданылады(интернетмекенжайларынқоспағанда);барлықиллюстрациялар,графиктерменкестелерқұжаттыңсоңындаемес,мәтіндегітиістіорындардаорналасады.

  5. Мәтін«Журналтуралы»бетіндеорналасқанавторларғаарналғанережелердесипатталғанстилистикалықжәнебиблиографиялықталаптарға сәйкес келеді.

  6. Егерсізмақаланырецензияланатынжурналбөлімінежіберетін болсаңыз,ондақұжаттыңталаптары мақаланы көрмей рецензиялаудықамтамасыз етеді.

 

Авторлық құқықтар

Осы журналда жарияланатын авторлар келесілермен келіседі:

  1. Авторлар жұмысқа авторлық құқықты сақтайды және журналға Creative Commons Attribution License шарттары бойынша жұмысты бірінші рет жариялау құқығын береді, бұл басқаларға осы жұмыстың авторларына және осы журналдағы түпнұсқа басылым ғасілтемелерді міндетті түрде сақтай отырып, осы жұмысты таратуға мүмкіндік береді.
  2. Авторлар жұмыстың нұсқасын осы жерде жарияланған түрде ерекше емес тара туғақатысты оның осы журналдағы түпнұсқа басылы мынасілтеме жасай отырып, бөлек шарттық келісімдер жасау құқығын сақтайды (мысалы, оны институттық қоймада орналастыру, кітапта жариялау).
  3. Авторлар өз жұмыстарын Интернет желісіне (мысалы, институттық қоймадан емес ежеке сайтта) осы журналдық арау процесінедей інжәнеоның барысындао рналасты руғақұқылы, өйткені бұлнәтиже літалқылауға жәнеосы жұмысқа көбірексіл темелер жасауға әкелуі мүмкін(the effect of Open Access бөлімін қараңыз)

 

Құпиялылық

Имена и адреса электронной почты, введенные на сайте этого журнала, будут использованы исключительно для целей, обозначенных этим журналом, и не будут использованы для каких-либо других целей или предоставлены другим лицам и организациям.

 

DB Error: Disk full (/tmp/#sql-temptable-1-116337-81ec.MAI); waiting for someone to free some space... (errno: 28 "No space left on device")